Негізгі функциялары

1.CONTENT түймешігін басыңыз, сонда Content View мәзірі ашылады.2.◄ немесе ► түймешігін басыңыз да, содан кейін 3D режимін таңдаңыз.

Теледидарды 3D режимінде қарау үшін 3D Active көзілдірігін киіңіз де, көзілдіріктегі қуат түймешігін басыңыз.

3.OK параметрін таңдаңыз да, содан кейін ENTERE түймешігін басыңыз.

4.Қашықтан басқару пультіндегі ◄ немесе ► түймешіктері арқылы, қарағыңыз келген бейненің 3D Mode режимін таңдайсыз.

Бейне алынатын кіріс сигналының пішіміне қарай, кей 3D режимдеріне қолдау көрсетілмеуі мүмкін.

Стандартты HDMI 3D режимі үшін қолдау көрсетілетін пішімдер және жұмыс параметрлері

Төменде көрсетілген 3D пішімдерді HDMI ассоциациясы ұсынған, және оларға қолдау көрсетілуге тиіс.

Кіріс сигналының пішімі

Стандартты HDMI 1.4 3D

1920x1080p @ 24Гц x 2

1920x2205p @ 24Гц

1280x720p @ 60Гц x 2

1280x1470p @ 60Гц

1280x720p @ 50Гц x 2

1280x1470p @ 50Гц

Жоғарыда көрсетілген пішімдердің біріндегі 3D бейне сигналы қабылданғанда, режим автоматты түрде 3D режиміне ауысады.

Стандартты HDMI 3D 24Гц пішімі үшін, теледидарды төмендегідей тиімді түрде баптауға болады:

––Бастапқы бейнебет режиміндегі ажыратымдылық: Егер Motion Plus режимі Off, Clear немесе Standard қалпына қойылса, бейнефильмді кіріс сигналының ажыратымдылығына сәйкестендірілген ажыратымдылық бойынша қарауға болады.

––Дірілді азайтып көрсету режимі: Motion Plus режимі Smooth немесе Custom қалпына қойылғанда, бейнені еш бұлдыр-дірілсіз тегіс бейнебеттен көре аласыз.

3D функциясын қолданар алдында...

ЕСКЕРІМ

xx 3D бейнені жақсы жарықтандырылмаған (строб импульсы т.с.с. арқылы) немесе люминесцентті шам (50Гц ~ 60Гц) немесе 3 ұзындықты толқын шамы жарықтандыратын жерде қараған кезде, экранның сәл дірілдегенін байқауыңыз мүмкін. Бұндай жағдай орын алса, жарықты азайтыңыз немесе шамды сөндіріңіз.

xx 3D режимі төменде көрсетілген жағдайларда автоматты түрде жұмыс істемей қалады: арна немесе сигнал көзін өзгерткен кезде, немесе Media Play немесе Internet@TV функцияларына қосылған кезде.

xx 3D режимінде кейбір сурет функциялары жұмыс істемейді.xx Touch Remote құралы 3D суреттеріне қолдау көрсетпейді.xx 3D режимінде дерек тарату функцияларына (MHEG / MHP) қолдау көрсетілмейді.24 Қазақша

xx Басқа өндірушілер шығарған 3D Active көзілдіріктеріне қолдау көрсетілмеуі мүмкін.

xx Теледидарды алғаш іске қосқаннан кейін 3D бейнебеті қалыпқа келгенше біраз уақыт қажет болуы мүмкін.

xx Көзілдіріктің немесе теледидардың қасында басқа 3D құралы немесе электроника құралы іске қосылып тұрса, 3D Active көзілдірігі дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Бұндай мәселе туындаса, басқа электроникалық құрылғыларды 3D Active көзілдірігінен барынша алыс ұстаңыз.

xx Бейнені 50Гц 3D арқылы “Game mode” режимін “On” қалпына қойып қарағанда, көру қабілеті сезімтал адамдар, жарық бейненің жыпылықтап тұрғанын көруі мүмкін.

xx Media Play арқылы көрсетілетін Photos тек “2D → 3D” режимінде ғана көрсетіледі.

xx Теледидарды 3D көзілдірігін киіп, жантайып жатып көрсеңіз, сурет күңгірт болып көрінуі немесе көрінбеуі мүмкін.

xx 3D суреттерді қарағанда, теледидарды қарау бұрышынан ауытқымай, ара қашықтықты дұрыс сақтап қараңыз.

–– Әйтпесе, 3D қарағанда дұрыс әсер ала алмауыңыз мүмкін.

xx Теледидар мен көрермен арасындағы қашықтық, бейнебет биіктігінен үш немесе одан да көп есе артық болса тамаша. Көрерменнің көзі, бейнебеттің деңгейімен деңгейлес болуы ұсынылады.

Picture Reset (OK / Cancel)

Ағымдық суреттің режимін бастапқы қалпына қояды.

¦¦ Теледидарды дербес компьютер көмегімен баптау

ДК-ді сигнал көзі ретінде таңдаңыз.

Auto Adjustment t

Жиілік мәндері/орналасу орнын реттейді және паpаметрлерді автоматты түрде баптайды.

HDMI/DVI сымы арқылы жалғаған кезде жұмыс істемейді.