Кеңейтілген функциялары

Келген қоңырау туралы ескерту

Егер теледидар қарап отырғанда қоңырау түссе, дабыл терезесі пайда болады.

Қоңырауларды ретке қою

Теледидар қарап отырғанда, жоспарда жазылған оқиғаны бейнебетке шығару үшін дабыл терезесі пайда болады.

Жоспар мазмұнын қарау параметрін ұялы телефон арқылы конфигурациялауға болады. Әрекеттер туралы білу үшін ұялы телефонның нұсқаулығын қараңыз.

Кейбір арнайы таңбалар бос немесе бұрмаланып бейнеленуі мүмкін.

Media функциясын пайдалану

Ұялы телефоннан жіберілген медиа мазмұнның (бейне, фото, сазды файлдар) теледидарда көрсетілетінін пайдаланушыға ескерту үшін дабыл терезесі пайда болады. Мазмұн дабыл терезесі пайда болғаннан кейін 3 секунд бойы өздігінен ойналады. Егер дабыл терезесі пайда болғанда RETURN не EXIT түймешігін бассаңыз, медиа мазмұндар ойналмайды.

ЕСКЕРІМ

xx Егер медиа функциясы ең алғаш рет іске қосылса, қалқымалы терезеден ескерту көрсетіледі. ENTEREтүймешігін басып Allow функциясын таңдаңыз да, содан кейін сол құралда Media функциясын қолдана аласыз.

“Unknown Device 0” is requesting that the media file be allowed to play.

If you wish to allow the media file to be played at your device, please press “Allow”, otherwise press “Deny”.

You can also change the setting (or resetting) of this feature at “AllShare Setup”.

Warning: Please note that if your device is connected to unsecured or unfamiliar network, unwanted or inappropriate contents might be played.

If you are not sure about the network’s identity or content’s appropriateness, we strongly recommend that you do not “Allow” the request to play.

AllowDeny

xx Ұялы телефоннан медиа мазмұнның келіп түсуін тоқтату үшін Media функциясын AllShare арқылы Off қалпына қойыңыз.

xx Мазмұнның ажыратымдылығы мен пішіміне қарай ол теледидарда ойнатылмауы мүмкін.

xx ENTEREжәне ◄ / ► түймешіктері медиа мазмұнының түріне қарай жұмыс істемеуі мүмкін.

xx Ұялы құрылғыны пайдалану арқылы медиа мазмұнды ойнату үрдісін басқара аласыз. Толығырақ ақпаратты тиісті мобильді құралдың пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.

xx Медиа мазмұнды ДК арқылы ойнатқыңыз келсе, AllShare негізгі бейнебетінде ДК белгішесін таңдаңыз. Содан кейін теледидардың Media Play мәзірі автоматты түрде өзгереді. Қосымша ақпарат алу үшін “Медиа ойнату” тарауын қараңыз (б. 39).

ScreenShare функциясын қолдану

Screenshare функциясы ұялы телефоннан көрсетілген веб- парақты көрсетеді. ScreenShare функциясын қолдану арқылы, ұялы телефонда сақталған әртүрлі мазмұндарды аша аласыз. Мысалы, төменде көрсетілген белгіше, ұялы телефондағы мазмұнға кіру терезесін ашады. Ұялы телефондағы әртүрлі мазмұндарды теледидар арқылы оқуыңызға және телефон кітапшасы мен күнтізбені қарауыңызға болады. Сонымен қатар, телефон кітапшасы арқылы басқа адамға қоңырау шалуыңызға немесе SMS жіберуіңізге болады.

ЕСКЕРІМ

xx Samsung ұялы телефонына, ScreenShare орнатылып, оған қолдау көрсетуші бағдарламалар іске қосылуға тиіс; содан кейін ScreenShare функциясын қолдана аласыз.

xx Қашықтан басқару құралындағы түймешіктер, әр бетте әр түрлі болуы мүмкін.

xx Doc Viewer doc пішіміндегі құжаттарды оқи алады, бірақ өзгерте алмайды.xx Бейнебет көрінісі жалғанған құрылғы түріне қарай әр түрлі болуы мүмкін.

My Mobile

Contacts

Calendar

Doc Viewer

ESelect Return

Теледидарды Samsung телефоны көмегімен оңай басқару

Осы функцияны қолданар алдында, ScreenShare функцияларына қолдау көрсететін Samsung ұялы телефонын жалғауыңыз керек. Теледидарды ұялы телефон арқылы басқарғанда тек POWER, Y, P</>және MUTE түймешіктері жұмыс істейді.

Тіптен басқару түймешіктерін (арна не үнділік) басып тұрсаңыз да, ұялы телефондағы мән не көбеймейді, не азаймайды.

56 Қазақша