МАҢЫЗДЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Электрлі құрылғыны қолданған кезде, негізгі сақтық шараларын сақтау керек, соның ішінде:

РОБОТ ШАҢСОРҒЫШТЫ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА НҰСҚАУЛАРДЫҢ БАРЛЫҒЫН ОҚЫҢЫЗ.

Құрылғыны қолданбаған кезде және жөндеу жұмыстарын жүргізер алдында тоқтан ажырату керек.

ЕСКЕРТУ: өрт, тоққа түсу немесе жарақат алу қатерін азайту үшін:

ЖАЛПЫЛАМА НҰСҚАУ

Тек нұсқаулық бойынша қолданыңыз.

Қандай да бір нұқсан келген робот шаңсорғышты немесе зарядтағышты іске қоспаңыз.

Егер шаңсорғыш дұрыс жұмыс істемей тұрса, құлап қалса, бұзылып қалса,

далада қалса, не суға түсіп кетсе тұтынушыға қызмет көрсету орталығына апарыңыз.

Зарядтағышты немесе робот шаңсорғышты дымқыл қолмен ұстамаңыз.

Тек үйдің ішінде, құрғақ жерде ғана қолданыңыз.

Құрылғыны қауіпсіздік ережелерімен танысқан жасы 8-ге толған балалар мен ересектер, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі немесе тәжірибесі жеткіліксіз тұлғалар, құрылғыны қауіпсіз қолдану, қатерлі жағдайлар туралы нұсқау алса немесе тиісті адамның қадағалауы бойынша пайдалана алады.

Балаларға құрылғымен ойнауға тыйым салынған. Балаларға ересектердің бақылауынсыз тазалауға және құрылғыны қолдануға тыйым салынған.

БАТАРЕЯ ЗАРЯДТАҒЫШ

Полюстары бар ашаны, полюстары жоқ розеткаға немесе ұзартқышқа жалғау үшін өзгертпеңіз.

Далада немесе дымқыл жерге қойып пайдаланбаңыз.

Қолданбаған кезде және күтім көрсетер алдында зарядтағышты розеткадан ағытыңыз.

Қайта зарядтау үшін тек өндірушіден келген жинақтағы зарядтағышты ғана қолданыңыз.

Зақым келген қуат сымын немесе ашаны қолданбаңыз.

Шаңсорғышты сымынан тартып жылжытпаңыз, сымды тұтқаның орнына қолданбаңыз, есікті жапқанда сымды астына қалдырмаңыз, немесе сымды өткір жиектер мен бұрыштарға тигізіп тартпаңыз. Сымды заттың қызып тұрған

қауіпсіздік туралы ақпарат _03

Page 83
Image 83
Samsung VR10CTBATRD/EV, VR10DTBATBB/EV, VR10ATBATRD/EV, VR10BTBATBB/EV manual Маңызды Сақтық Шаралары