Кір жуу

Циклды ауыстырғышты пайдалана отырып кір жуу

Samsung компаниясы шығарған Fuzzy Control кір жууды автоматты басқару жүйесінің арқасында кір жуу оңай, әрі ұнамды іс болады. Кір жуу бағдарламасын таңдаған кезде машина дұрыс температураны, кір жуу уақыты мен жылдамдығын өзі белгілейді.

1.Су құбыры кранын ашыңыз.

2.Вкл./Выкл. (Қуат) түймешігін басыңыз.

3.Есігін ашыңыз.

4.Заттарды барабанға бір-бірден, қатты толтырмай салыңыз.

5.Есігін жабыңыз.

6.Жуғыш затты, жұмсартқышты және алдын ала жуғыш затты (егер қажет болса) тиісті үлестіргіштерге салыңыз.

Алдын ала кір жуу режимі Хлопок (Мақта мата), Синтетика (Синтетика), Ежедневная (Күнделікті жуу), Детские вещи (Балаға арналған), Интенсивная стирка Eco (Супер Эко жуу) циклдары таңдалса ғана қосылады. Мұндай жуу заттар өте кір болса ғана қолданылады.

7.Тиісті циклді матаның түріне қарай таңдау үшін Переключатель циклов (Цикл таңдау) тетігін қолданыңыз: Хлопок (Мақта мата), Синтетика (Синтетика), Ежедневная (Күнделікті жуу), Быстрая стирка 15’ (Жылдам 15’), Детские вещи (Балаға арналған) , Интенсивная стирка Eco (Супер Эко жуу), Верхняя одежда (Сыртқы киім), Шерсть (Жүн). Басқару панелінде сәйкес индикаторлар жанып тұрады.

8.Енді сәйкес түймешелердің көмегімен кір жуу температурасын, шаю санын, сығудың айналым саны мен кейінге қалдыру уақытын таңдауға болады.

9.Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс) қою түймешесін басыңыз, кір жуу басталады. Кір жуу индикаторы жанып, дисплейде кір жуу циклінің қалған уақыты көрсетіледі.

Тоқтатып қою қызметі

Кір жуу басталғаннан кейін 5 минут ішінде кірді қосуға немесе азайтуға болады.

1.Есіктің бекітпесін ашу үшін Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс) түймешігін басыңыз.

Егер су өте ЫСТЫҚ немесе су деңгейі өте ЖОҒАРЫ болса, есікті ашуға болмайды.

2.Есікті жапқаннан кейін, кір жууды бастау үшін Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс) түймешігін басыңыз.

Кір жуу циклі аяқталды.

Кір жуу циклі толығымен аяқталғаннан кейін кір жуғыш машина қуаты автоматты түрде өшеді.

1.Есігін ашыңыз.

2.Кірді шығарыңыз.

30_ Қазақша

WD806U2GA-03344B-09_KK.indd 30

 

 

2017/3/8 13:43:08