Қауіпсіздік туралы ақпарат

ақпарат туралы Қауіпсіздік

Құрылғының үстіне шықпаңыз немесе үстіне зат (мысалы, кір, жанып тұрған шамшырақ, тұтатылған темекі, ыдыс-аяқ, химиялық заттар, темір заттар т.с.с.) қоймаңыз.

Бұның нәтижесінде электр, өрт қатері орын алып, құрылғыға нұқсан келуі не адам жарақаттануы мүмкін.

Машинаның үстіне инсектицидтер сияқты тез буланатын заттарды шашпаңыз.

Бұндай заттар адам үшін ғана қауіпті емес, электр қатерін тудыруы, өрт шығаруы немесе құрылғыға нұқсан келтіруі мүмкін.

Электрмагнитті өріс шығаратын заттарды кір жуғыш машинаның қасына қоймаңыз.

Дұрыс жұмыс істемей, адам жарақат алуы мүмкін.

Жоғары температурамен жуу кезінде төгілген су немесе кептіру циклы ыстық болады. Суға қол тигізбеңіз.

Күйіп қалуыңыз немесе жарақат алуыңыз мүмкін.

Су өткізбейтін көрпеше, төсем немесе киімдерді (*), құрылғыңызда осындай заттарды жууға арналған арнайы цикл болмаса жумаңыз.

(*): Жүн матадан жасалған төсек жабдықтары, жаңбыр жамылғылары, балықшы күртешесі, шаңғы тебуге арналған шалбар, жол төсек, жаялық, терлеуге, велосипед, мотоцикл, машинаны т.с.с. жабуға арналған жамылғылар.

Қалың немесе қатты матрацтарды, затбелгісінде ‘’кір жуғыш машинамен жууға болады’’ деп көрсетілсе де жумаңыз. Қалыптан тыс дірілдеудің әсерінен кір жуғыш машинаға, қабырғаға, еденге немесе киімге нұқсан келуі мүмкін.

Еден сүрткіштерді немесе резеңкемен астарланған аяқ сүрткіштерді жумаңыз. Резеңке астары алынып, барабанға жабысып қалып, су төгуге байланысты ақаулықтар пайда болуы мүмкін.

Кір жуғыш машинаны жуғыш зат салынатын қорапшасы алынып тұрса қоспаңыз.

Аққан судың әсерінен электр қатері пайда болуы не адам жарақат алуы мүмкін.

Кептіріп жатқанда немесе кептіріп бола сала барабанның ішіне қолыңызды тигізбеңіз, себебі ыстық.

Күйіп қалуыңыз мүмкін.

Қолыңызды жуғыш зат қорапшасына салмаңыз.

Жуғыш затты қосатын құралға қолыңыз қыстырылып қалып, жарақат алуыңыз мүмкін.

Сұйық жуғыш зат бағыттауышын (тек қолданылатын үлгілер) ұнтақ жуғыш затқа қолданылмайды. Ұнтақ жуғыш зат қолдансаңыз, бағыттауышты алып тастаңыз.

Кір жуғыш машинаға жуылатын кірден басқа затты (мысалы, аяқ киім, тағамның қалдығы, жануарлар) салмаңыз.

Себебі кір жуғыш машинаға зақым келуі, егер жануарларды салсаңыз, олар қалыптан тыс айналдыру себебінен жарақат алуы не өліп қалуы мүмкін.

12 Қазақша

WD90J6410AW_DC68-03591R-04_KK.indd 12

2017/3/8 9:57:53

Page 132
Image 132
Samsung WD90J6410AS/LD manual 12 Қазақша