ЕСКЕРТПЕ

Қалған кір жуу құралын жою үшін бос барабанмен ПОЛОСКАНИЕ+ОТЖИМ (ШАЮ+АЙНАЛДЫРУ) циклін орындаңыз.

Қатудан кейін қалпына келтіру

Температура 0 °C төмендегенде кір жуу машинасы мұздауы мүмкін.

1.Кір жуу машинасын өшіріп, қуат сымын ажыратыңыз.

2.Су жеткізу шлангісін босату үшін су шүмегі арқылы жылы суды төгіңіз.

3.Су жеткізу шлангісін ажыратып, оны жылы суға салыңыз.

4.Жылы суды барабан ішіне құйып, 10 минут қойыңыз.

5.Су жеткізу шлангісін су шүмегіне қайта жалғаңыз.

ЕСКЕРТПЕ

Кір жуу машинасы әлі қалыпты жұмыс істемесе, қалыпты түрде жұмыс істегенге дейін жоғарыдағы қадамдарды қайталаңыз.

Ұзақ уақыт пайдаланбай тұруға қарсы күтім

Кір жуу машинасын ұзақ уақыт пайдаланбаудың алдын алыңыз.

Бұл жағдайда кір жуу машинасының суын ағызып, қуат сымын ажыратыңыз.

1.ПОЛОСКАНИЕ+ОТЖИМ (ШАЮ+АЙНАЛДЫРУ) опциясын таңдау үшін Цикл таңдағышты бұраңыз.

2.Барабанды босатып, Бастау/Кідірту түймесін басыңыз.

3.Цикл аяқталғанда су шүмегін жауып, су жеткізу шлангісін ажыратыңыз.

4.Кір жуу машинасын өшіріп, қуат сымын ажыратыңыз.

5.Барабан арқылы ауаны айналдыру үшін есікті ашыңыз.

Техникалық қызмет көрсету

Қазақша 47

WD90J6410AW_DC68-03591R-04_KK.indd 47

2017/3/8 9:57:59

Page 167
Image 167
Samsung WD90J6410AS/LD manual Қатудан кейін қалпына келтіру, Ұзақ уақыт пайдаланбай тұруға қарсы күтім