Samsung WD90J6410AS/LD manual Орнатуға қатысты ескертулер, Пайдалануға қатысты қатаң ескертулер

Models: WD90J6410AS/LD

1 240
Download 240 pages 25.04 Kb
Page 129
Image 129

Орнатуға қатысты ескертулер

АБАЙЛАҢЫЗ

Бұл құрылғыны ашасына қол оңай жететін жерге орнату керек.

Бұлай істемеген жағдайда, электр тоғы таралып, электр қатері орын алуы не өрт шығуы мүмкін.

Құрылғыны салмағын көтере алатын тегіс және қатты еденнің үстіне орнатыңыз.

Бұлай істемеген жағдайда, құрылғы дірілдеуі, жылжуы, шуыл шығуы немесе басқа да құрылғыға қатысты ақаулар пайда болуы мүмкін.

Пайдалануға қатысты қатаң ескертулер

ЕСКЕРТУ

Егер құрылғы судың астында қалса, дереу электр және сумен жабдықтау желілерінен ағытыңыз да, жақындағы қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Қуаттану айырын су қолмен ұстамаңыз.

Бұл нұсқау орындалмаса, электр қатеріне ұрынуыңыз мүмкін.

Егер құрылғыдан тосын шуыл, көңірсіген немесе түтін иісі шықса, ашаны дереу розеткадан суырыңыз да, жақын қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына немесе өртенуге әкеп соғуы мүмкін.

Газ шыққан жағдайда (мысалы, пропан, сұйытылған мұнай газы және т.б.) қуаттану айырын ұстамай бірден бөлмені желдетіңіз. Машинаны немесе қуаттану шнурын ұстамаңыз.

Желдеткішті қолданбаңыз.

Жарқыл шығып, жарылыс немесе өртке ұласуы мүмкін.

Балаларға кір жуғыш машинаға шығып не ішіне кіріп ойнауға рұқсат бермеңіз. Сонымен қатар, құрылғыны тастаған кезде, кір жуғыш машинаның есігінің теңгерім құралын алыңыз.

Балалар құрылғының ішіне қамалып қалса, тұншығып өлуі мүмкін.

Кір жуғыш машинаны қолданар алдында, табанындағы орам материалдарын (жөке, көбікті текше) алыңыз.

Бензин, керосин, бензол, бояу сұйылтқыш, спирт не басқа да тұтанғыш немесе жарылғыш зат сіңген заттарды жумаңыз.

Электр қатері орын алуы, өрт не жарылыс шығуы мүмкін.

Жұмыс істеп тұрған (жоғары температурада жуу/кептіру/айналдыру) кір жуғыш машинаның есігін күшпен ашпаңыз.

Кір жуғыш машинадан аққан суға күйіп қалуыңыз немесе еден тайғанақ болып кетуі мүмкін. Нәтижесінде жарақат алуыңыз мүмкін. Бұл жарақаттануға әкелуі мүмкін.

Қазақша 9

Қауіпсіздік туралы ақпарат

WD90J6410AW_DC68-03591R-04_KK.indd 9

2017/3/8 9:57:53

Page 129
Image 129
Samsung WD90J6410AS/LD manual Орнатуға қатысты ескертулер, Пайдалануға қатысты қатаң ескертулер