Кір жуу

Циклды ауыстырғышты пайдалана отырып кір жуу

Samsung компаниясы шығарған Fuzzy Control кір жууды автоматты басқару жүйесінің арқасында кір жуу оңай, әрі ұнамды іс болады. Кір жуу бағдарламасын таңдаған кезде машина дұрыс температураны, кір жуу уақыты мен жылдамдығын өзі белгілейді.

1.Су құбыры кранын ашыңыз.

2.Қосу түймешесін басыңыз.

3.Есігін ашыңыз.

4.Заттарды кезекпен мөлшерден асырмай машина багына тығыздамай бос етіп салыңыз.

5.Есігін жабыңыз.

6.Бөліктерге сәйкес келетін кір жуу құралын, кір жууға арналған кондиционер мен алдын ала арнайы арналған бөліктеріне салыңыз.

Алдын ала кір жуу режимі «Мақта», «Синтетика», «Джинсылар», «Төсек орын тысы», «Қара киімдер», «Күнделікті кір жуу» және «Балалар киімі» циклдары таңдалса ғана қосылады. Мұндай жуу заттар өте кір болса ғана қолданылады.

7.Мата түріне сәйкес қажет циклді таңдау үшін цикл ауыстырғышты пайдаланыңыз: «Мақта», «Синтетика», «Джинсылар», «Төсек орын тысы», «Қара киімдер», «Күнделікті кір жуу»,«Интенсивті Eco жуу», «Сыртқы киім», «Балалар киімі», «Тоқыма мата» және «Қолмен жуу» . Басқару панелінде сәйкес индикаторлар жанып тұрады.

8.Енді сәйкес түймешелердің көмегімен кір жуу температурасын, шаю санын, сығудың айналым саны мен кейінге қалдыру уақытын таңдауға болады.

9.Қосу/Тоқтатып қою түймешесін басыңыз, кір жуу басталады. Кір жуу индикаторы жанып, дисплейде кір жуу циклінің қалған уақыты көрсетіледі.

Тоқтатып қою қызметі

Кір жуу басталғаннан кейін 5 минут ішінде кірді қосуға немесе азайтуға болады.

1.Есігін ашу үшін Қосу/Тоқтатып қою түймешесін басыңыз.

Егер су өте ЫСТЫҚ немесе су деңгейі өте ЖОҒАРЫ болса, есікті ашуға болмайды.

2.Есігін жапқаннан кейін кір жууды жалғастыру үшін Қосу/Тоқтатып қою түймешесін басыңыз.

Кір жуу циклі аяқталды.

Кір жуу циклі толығымен аяқталғаннан кейін кір жуғыш машина қуаты автоматты түрде өшеді.

1.Есігін ашыңыз.

2.Кірді шығарыңыз.

Қазақша - 28

WF-M602XQR-02994R_KK.indd 28

2014/10/22 14:29:44

Page 116
Image 116
Samsung WF-M602XQR/YLP manual Циклды ауыстырғышты пайдалана отырып кір жуу, Тоқтатып қою қызметі, Кір жуу циклі аяқталды