8.АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Тоқты айырып-қосқыштардың параметрін дұрыс орнатпау нəтижесінде тоқ сөніп қалған жағдайда қауіпті жағдайларға жол бермеу үшін бұл құрылғыға таймер тəрізді сыртқы құралды орнатпау керек немесе құрал арқылы жиі қосылатын жəне сөндірілетін тізбекке қоспау керек.

ЕСКЕРТУ ОРНАТУҒА ҚАТЫСТЫ ҚАТАҢ ЕСКЕРТУЛЕР

Бұл құрылғыны білікті техник немесе қызмет көрсету орталығы орнатуға тиіс.

-Бұл нұсқау орындалмаған жағдайда, электр, өрт, жарылыс қатері орын алуы, өнімге нұқсан келуі не адам жарақат алуы мүмкін.

Бұл ауыр құрылғы, көтерген кезде абайлаңыз

Қорек сымын AТ 220 В / 50 Гц / 15 A розеткасына не бұдан қуатты розеткаға жалғаңыз жəне розетканы тек осы құрылғы үшін ғана қолданыңыз. Сонымен қатар, ұзартқыш сымды қолдануға болмайды.

-Розеткаға ұзартқышты немесе көп-салалы қосқышты пайдаланып басқа құрылғыларды қоссаңыз, электр қатері не өрт шығуы мүмкін.

-Желі кернеуінің, жиілік пен тоқ мəндерінің, құрылғының техникалық параметрлеріне сай келетінін тексеріңіз. Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін. Ашаны розеткаға мықтап сұғыңыз.

Құрылғының ашасы қосылатын ағытпалар мен контакттарын, шаң немесе су тəрізді басқа заттардан құрғақ шүберекті қолданып мезгіл-мезгіл тазалап отырыңыз.

-Ашаны розеткадан суырып, құрғақ шүберекпен тазалаңыз.

-Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Ашаны розеткаға қорек сымы еденді бойлай жататын етіп дұрыс бағытта сұғыңыз.

-Егер ашаны розеткаға кері бағытта сұқсаңыз, қорек кабелінің ішіндегі сымдар бүлініп, нəтижесінде электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Орам материалдарының барлығын баланың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз, себебі орам материалдары балалар үшін қауіпті болуы мүмкін.

-Бала қалтаны басына киіп алса, тұншығып қалуы мүмкін.

Құрылғы немесе қорек сымы бүлінген жағдайда, жақындағы қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Бұл құрылғыны жерге дұрыс қосу керек.

Құрылғыны газ құбырына, пластик құбырға немесе телефон сымына тұйықтамаңыз.

-Осының нəтижесінде электр қатері орын алуы, өрт, жарылыс шығуы немесе құрылғыда ақау пайда болуы мүмкін

-Құрылғының ашасын жерге дұрыс қосылмаған розеткаға ешқашан жалғамаңыз, оны жергілікті жəне мемлекеттік стандарттарға сай жерге қосыңыз.

Бұл құрылғыны қыздырғыштың, жанғыш заттардың қасына орнатпаңыз.

Бұл құрылғыны ылғалды, майлы немесе шаңды жерге, күннің жарығы тура түсетін жəне су (жаңбыр тамшылары) жерге орнатпаңыз.

Бұл құрылғыны температурасы төмен жерге қоймаңыз

-Аяз түтіктерді жарып жіберуі мүмкін

Казақ - 5

Aegis Flat-DC68-03327J-01_KZ.indd 2-￿￿￿￿￿:5

2015-12-24 ￿￿ 1:33:10

Page 45
Image 45
Samsung WF8590NLW9DYLD manual Ескерту Орнатуға Қатысты Қатаң Ескертулер