Samsung WF8590NLW9DYLD manual Киімдерді цикл таңдау тетігін қолданып жуу, Үзіліс параметрі

Models: WF8590NLW9DYLD

1 120
Download 120 pages 5.33 Kb
Page 63
Image 63

Киімдерді цикл таңдау тетігін қолданып жуу

Жаңа кір жуғыш машинаңыз кір жууды Samsung “Кездейсоқ басқару” автоматты басқару жүйесін қолдану арқылы жеңілдетеді. Жуу бағдарламасын таңдаған кезде, машина дұрыс температураны, жуу уақытын жəне жуу жылдамдығын орнатады.

1.Раковинадағы су шүмегін ашыңыз.

2.Қуат түймешігін басыңыз.

3.Есікті ашыңыз.

4.Заттарды барабанға бір-бірден, қатты толтырмай салыңыз.

5.Есікті жабыңыз.

6.Жуғыш затты, жұмсартқышты жəне алдын ала жуғыш затты (егер қажет болса) тиісті үлестіргіштерге салыңыз.

Алдын ала жуу циклі тек ХЛОПОК (МАҚТА МАТА), СИНТЕТИКА, ДЕТСКИЕ ВЕЩИ (БАЛАҒА АРНАЛҒАН) жəне УДАЛЕНИЕ ПЯТЕН (ҚАТТЫ КІРЛЕГЕН) циклдерінде ғана жұмыс істейді. Бұл цикл кір қатты кірлеген кезде ғана қажет.

7.Тиісті циклді матаның түріне қарай таңдау үшін Цикл таңдау тетігін қолданыңыз: ХЛОПОК (МАҚТА МАТА), СИНТЕТИКА, ШЕРСТЬ (ЖҮН МАТА), ДЕТСКИЕ ВЕЩИ (БАЛАҒА АРНАЛҒАН), УДАЛЕНИЕ ПЯТЕН (ҚАТТЫ КІРЛЕГЕН), БЫСТРАЯ 29’ (ЖЫЛДАМ 29’). Басқару панелінде тиісті индикаторлар жанады.

8.Осы кезде жуу температурасын, шаю мөлшерін, айналдыру жылдамдығын жəне кешіктіріп бастау параметрлерін, тиісті параметрлер түймешігін басып реттеуге болады.

9.Бастау/Үзіліс түймешігін басыңыз, кір жуыла бастайды. Үрдіс индикаторы жанады да, бейнебетте циклдің соңына дейін қалған уақыт пайда болады.

Үзіліс параметрі

Жуу басталғаннан кейін 5 минут ішінде, кірді қосып салуға/алуға болады.

1.Есіктің бекітпесін ашу үшін Бастау/Үзіліс түймешігін басыңыз.

Су өте ЫСТЫҚ болған кезде немесе судың деңгейі өте ЖОҒАРЫ болған кезде есікті ашу мүмкін емес.

2.Есікті жапқаннан кейін, кір жууды бастау үшін Бастау/Үзіліс түймешігін басыңыз.

Цикл аяқталған кезде:

Цикл толығымен аяқталған кезде, қуат автоматты түрде сөнеді.

1.Есікті ашыңыз.

2.Кірді алыңыз.

02 КІР ЖУУ

Казақ - 23

Aegis Flat-DC68-03327J-01_KZ.indd 5-￿￿￿￿￿:23

2015-12-24 ￿￿ 1:33:14

Page 63
Image 63
Samsung WF8590NLW9DYLD manual Киімдерді цикл таңдау тетігін қолданып жуу, Үзіліс параметрі, Цикл аяқталған кезде