кір жуғыш машинаны тазалау жəне оған күтім көрсету
СУ ТҮТІГІНІҢ ТОРКӨЗ СҮЗГІСІН ТАЗАЛАУ
Су түтігінің торкөз сүзгісін кем дегенде жылына бір рет тазалап отыру керек немесе дисплейде “4E” жазуы көрсетілген кезде тазалау керек:
1.Кір жуғыш машинаға су құюды тоқтатыңыз.
2.Машинаның арт жағындағы түтікті бұрап ағытып алыңыз. Түтіктегі қысымға байланысты су атқылап кетпес үшін, түтікті шүберекпен жабыңыз.
3.Түтіктің ұшындағы торкөз сүзгіні, қысқышты пайдаланып еппен тартып шығарыңыз да, сумен тазарғанша шайыңыз. Сонымен қатар, бұрама жалғастырғыштың іші мен сыртын тазалаңыз.
4.Сүзгіні орнына қойыңыз.
5.Сүзгіні жуғыш машинаға бұрап салыңыз.
6.Қосылымнан су ақпайтынына көз жеткізіңіз де, судың шүмегін ашыңыз.
МҰЗДАП ҚАЛҒАН КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ЖӨНДЕУ
Егер температура нөлден төмендеп кетіп, кір жуғыш машинаңыз қатып қалса:
1.Кір жуғыш машинаны тоқтан ажыратыңыз.
2.Су құятын түтікті жібіту үшін, шүмектің үстінен жылы су құйыңыз.
3.Су құятын түтікті алыңыз да, жылы суға салып жібітіп қойыңыз.
4.Кір жуғыш машина барабанына жылы су құйып, 10 минут қоя тұрыңыз.
5.Су құятын түтікті судың шүмегіне қайта жалғап, су құю мен су төгу жүйелерінің дұрыс жұмыс жасап тұрғанына көз жеткізіңіз.
КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ САҚТАУ
Кір жуғыш машинаны ұзақ уақыт бойы сақтап қойғыңыз келсе, суын төгіп, ағытып қойған дұрыс. Кір жуғыш машинаны сақтар алдында, түтіктердегі жəне ішкі құралас бөліктеріндегі суды төкпесе, машинаға нұқсан келуі мүмкін.
1.БЫСТРАЯ 29’ (ЖЫЛДАМ 29’) циклін таңдаңыз да, ағартқышқа арналған қорапқа ағартқыштан салыңыз. Кір жуғыш машинаны ешбір кір салмай цикл аяқталғанша қосып қойыңыз.
2.Су шүмектерін жабыңыз да, су құятын түтіктерді ағытыңыз.
3.Кір жуғыш машинаны электр тоғынан ағытып, барабан ішінде ауа айналып тұруы үшін есігін ашық қалдырыңыз.
Егер кір жуғыш машина температурасы нөлден төмен жерде сақталса, қайта іске қосар алдында машинада қалып қоюы мүмкін су ерігенше біраз күтіңіз.
Казақ - 30
Aegis |