Қолдану алдында

Бастапқы баптау

Калибрлеу параметрін қосу (ұсынылады)

Калибровка (Калибрлеу) циклы кір жуғыш машинаның салмақты нақты анықтауына көмектеседі. Калибровка (Калибрлеу) циклын бастау алдында барабанның бос екеніне көз жеткізіңіз.

1.Кір жуғыш машинаны қосу үшін Қуат түймесін басыңыз.

2.Smart Control түймесін 3 секунд бойы ұстап тұрыңыз.

3.Жоғары/Төмен көрсеткілерін басып, Калибровка (Калибрлеу) параметрін таңдаңыз. Содан кейін, OK түймесін басыңыз.

4.Бастау/Үзіліс түймесін басып, Калибровка (Калибрлеу) параметрін бастаңыз. -- Жұмыс барысында есік бұғаттаулы тұрады.

-- Барабан бірнеше минут сағат тілінің бағытымен және керісінше айналып тұрады.

5.Аяқталған кезде кір жуғыш машина автоматты түрде сөнеді.

Кір жуу бойынша нұсқаулықтар

ҚАДАМ: 1 Сұрыптау

Кірді төмендегі белгілері бойынша сұрыптаңыз:

Затбелгі: Кірді мақта мата, аралас мата, синтетика, жібек мата, жүн мата және жасанды талшық түрлеріне бөліп сұрыптаңыз.

түс: Ақ киімдерді түрлі түсті киімдерден бөліңіз.

Көлемі: Барабанға әр түрлі киімдерді араластырып салғанда жуу нәтижесі жақсарады.

Нәзіктік: Нәзік матадан жасалған заттарды, таза, жаңа жүн мата, перде және жібек матаға арналған баппен жуу циклымен жеке жуыңыз. Жуылатын киімдердің затбелгілерін қараңыз.

ЕСКЕРТПЕ

Киімдердің затбелгілерін міндетті түрде қарап, жуу алдында тиісінше сұрыптаңыз.

Казақ 25

алдында Қолдану

Untitled-11 25

 

 

2017-11-15 ￿￿ 2:05:37