Тор сүзгі

Су түтігінің тор сүзгісін жылына бір немесе екі рет тазалаңыз.

1. Кір жуғыш машинаны сөндіру үшін қуат сымын ағытыңыз.

2. Су шүмегін жабыңыз.

3. Кір жуғыш машинаның арт жағындағы түтікті бұрап ағытып алыңыз. Су атқылап кетпеу үшін түтікті шүберекпен жабыңыз.

4. Тор сүзгіні су құятын клапаннан алу үшін тістеуікті пайдаланыңыз.

5. Тор сүзгіні бұрама жалғастырғышы қоса батқанша суға терең батырыңыз.

6. Тор сүзгіні көлеңкеге қойып мұқият кептіріңіз.

7. Тор сүзгіні су құятын клапанға қайта салып, су түтігін қайта су құятын клапанға жалғаңыз.

8. Су шүмегін ашыңыз.

ЕСКЕРТПЕ

Егер тор сүзгі бітеліп қалса экранда “4C” ақпарат коды пайда болады.

Сорғының сүзгісі

Сорғының сүзгісі бітеліп қалмау үшін жылына 5 немесе 6 рет жууды ұсынамыз. Сорғының сүзгісі бітеліп қалса, көпіршіктің әсерін төмендетуі мүмкін.

1. Кір жуғыш машинаны сөндіру үшін қуат сымын ағытыңыз.

2. Барабанның ішінде қалған суды төгіңіз. “Aвариялық ағызу” бөлімін қараңыз.

3. Ашу үшін сүзгі қақпағының үстіңгі жағын баппен түртіңіз.

4. Сорғы сүзгісінің тетігін солға бұрап, қалған суды төгіңіз.

көрсету Күтім

Казақ 49 

Untitled-11 49

 

 

2017-11-15 ￿￿ 2:05:43