Пайдалану

Пайдалану

Samsung Smart Home қосымшасы

Samsung Smart Home қосымшасы кір жуғыш машинаны қашықтықтан басқаруға мүмкіндік береді. Қолданба туралы толық ақпаратты қарау үшін осы нұсқаулықтың соңғы бетінде көрсетілген веб-сайтқа барып, Қысқаша нұсқаулықты жүктеп алыңыз.

Орнату

1.Андроид құрылғылары үшін Play Store, iOS құрылғылары үшін App Store дүкеніне кіріп, таңдау үшін Samsung Smart Home қолданбасын іздеңіз.

2.Мобильдік құрылғыңызға Samsung Smart Home қолданбасын жүктеп салыңыз да, орнатыңыз.

ЕСКЕРТПЕ

-- Samsung Smart Home қолданбасы Андроид ОЖ 4.0 (ICS) немесе (Galaxy S және Galaxy Note

сериялары) Samsung смартфондары үшін оңтайлы етілген кейінгі нұсқаларына қолдау көрсетеді. Бұл қолданбаның кейбір функциялары басқа құрылғыларда басқаша жұмыс істеуі мүмкін.

-- Бұл қолданба iPhone үлгілерінде iOS 8.0 немесе кейінгі нұсқаларына қолдау көрсетеді.

-- Бұл қолданбаның пайдаланушы интерфейсіне жұмыс тиімділігін жетілдіру үшін алдын ала ескертусіз өзгеріс енгізіледі.

Орнатуға дайындық

1.Қолданбаны қосу үшін сізде Samsung есептік жазбасы болуы керек. Есептік жазбаңыз болмаса, сізге қолданба арқылы Samsung есептік жазбасын құруға бағыт-бағдар беріледі. Бұл үшін басқа қолданба қажет емес.

2.Samsung тіркелгіңізді пайдаланып кір жуғыш машинаңызды Samsung Smart Home қызметіне тіркеңіз.

a.Washing Machine (Кір жуғыш машина) параметрін Smart Home App құрылғы тізімінен таңдаңыз.

b.Жарамды құпия сөзді енгізу арқылы қолданбаны үйдегі Wi-Fi желісіне (қолжетімді желілерді көру үшін үлкейткіш шыныны түртіңіз) қосыңыз.

c.Кір жуғыш машинаны қосып, Smart Control түймесін 4 секунд басыңыз. Байланыс орнату үдерісі басталады да, КП коды пайда болғанша 3 қадам орындалады. (КП қосылымына қатысты мәселе туындаса, кір жуғыш машинада FAP коды пайда болады. Дұрыс құпия сөз бен жарамды КП таңдалғанына көз жеткізіңіз).

d.Желіге қосылғаннан кейін қолданба негізгі бетке ауысады. Құрылғыңыз Smart Home App қолданбасында сәтті тіркелді. Қосылған құрылғылар саны 1-ге ауысады (егер бұл бірінші қосылған құрылғы болса).

НАЗАР САЛЫҢЫЗ

Сертификатталмаған бағдарлағылауышты пайдаланған кезде іске қосылмай қалуы мүмкін.

Кір жуғыш машинаны және кіру нүктесін микротолқынды пештердің не электрлі шаш кептіргіштердің қасына орнатсаңыз, электр бөгеуілдеріне байланысты Smart Control дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

Бұл кір жуғыш машина Wi-Fi 2,4 ГГц протоколдарына ғана қолдау көрсетеді.

Қоршаған орта сымсыз желінің жұмысына әсер етуі мүмкін.

42 Казақ

Untitled-11 42

 

 

2017-11-15 ￿￿ 2:05:41