ЕСКЕРТПЕ

Желі параметрлерін жою не олардан шығу үшін Back (Артқа) түймесін басып негізгі экранға кайтыңыз немесе кір жуғыш машинаны қайта іске қосыңыз.

Қашықтан басқару функциясын қосу үшін кір жуғыш машинаның Smart Control функциясын қосыңыз.

Қосымшаны авторланусыз іске қосқан жағдайда экранда Account guidance (Есептік жазбаны басқару) экраны пайда болады. Жүйеге кіргеннен кейін Баптауларды өзгертуге болады.

Samsung смартфондарын пайдаланушылар үшін Баптау мәзіріндегі есептік жазбаны тіркегеннен кейін қосымшаны іске қосқаннан кейін жүйеге автоматты түрде кіру функциясы қол жетімді.

Wi-Fi желісіне қосылу

Кір жуғыш машина жұмыс істей бастағанда, Wi-Fi желісі автоматты түрде қосылады. Wi-Fi желісіне қосылуды қолмен басқару талап етілген жағдайда, Температура (Темп.) және Smart Control түймесін басыңыз және 3 секунд бойы ұстап тұрыңыз.

СК-дисплейі бар үлгілер: Wi-Fi белгісі түймешелерді басқан кезде дисплейде көрсетіледі немесе сөнеді.

СКД үлгілері үшін: Түймелерді басқанда Wi-Fi белгішесі жанады немесе сөнеді.

Samsung Smart Home қосымшасын пайдалану

Негізгі функциялары

Samsung интеллектуалды құрылғыларды біріктірілген басқару

Өзіңіздің Samsung құрылғысын Samsung Smart Home қосымшасында тіркеп оңай қол жеткізуді баптаңыз. Кір жуғыш машинаның негізгі функцияларына кез келген жерден қол жеткізу үшін қолданбадан кір жуғыш машинаның белгішесін таңдаңыз.

Цикл таңдауды бақылау

Цикл таңдауға, қалған уақытқа және цикл аяқталған кезде көрсетілген ескертулерге назар аударыңыз.

AddWash ескертуі

AddWash ескертуі жуу циклы барысында кір немесе мата жұмсартқыш салынатын уақытты ескертеді. -- Ескерту функциясын пайдалану үшін оны қосымшада белсендіру қажет.

Кір қалғанын ескерту

Цикл аяқталғаннан кейін кір жуғыш машина барабанының ішінде кір қалса, сізге қалған кір туралы хабар беріледі. Осы ескерту қосыңыз және ескерту интервалын енгізіңіз. Ескерту 12 сағат бойы белсенді тұрады. Есікті ашсаңыз, ескерту тоқтайды да, машина сөнеді.

ЕСКЕРТПЕ

-- Хабарлау функциясын пайдалану үшін оны қосымшада белсендіру қажет.

-- Кір қатпарланып қалмас үшін барабан айналып тұруы мүмкін, оған қосымша қуат жұмсалады.

Әрекетрестікті басқару

Құрылғылар арасындағы әрекеттестік және құрылғыны басқаруға арналған ақпаратты алу.

Тұтынушыға қолдау көрсету

Пайдалану

Казақ 43 

Untitled-11 43

 

 

2017-11-15 ￿￿ 2:05:42