Пайдалану

Пайдалану

Арнайы функциялар

AddWash

AddWash индикаторы қосылғанда, машинаның жұмысын тоқтатып, барабанға қосымша кір немесе мата жұмсартқыш салуға болады. Қол жетімді болу үшін Add Door 130° градустан көбірек ашылады.

1. Жұмысты тоқтату үшін Бастау/Үзіліс түймесін басыңыз.

2. Add Door есігін ашу үшін, оның үстіңгі жағын сырт еткен дыбыс естілгенше басыңыз. Add Door есігін ашу үшін тұтқасын тартыңыз.

3. Add Door есігін ашып, барабанға қосымша кір немесе мата жұмсартқыш салыңыз.

4. Add Door есігін жабу үшін сырт еткен дыбыс естілгенше итеріңіз.

5. Жұмысты жалғастыру үшін Бастау/Үзіліс түймесін басыңыз.

НАЗАР САЛЫҢЫЗ

Add Door есігіне тым көп күш салмаңыз. Сынып қалуы мүмкін.

ЕСКЕРТПЕ

Add Door есігі дұрыс жабылса, барабан ішіндегі су ақпайды. Есіктің айналасында су тамшылары пайда болуы мүмкін, бірақ олар барабанның ішінен ақпайды.

НАЗАР САЛЫҢЫЗ

Барабанның ішінде Add Door деңгейінен жоғары болатын сабын көпіршіктері пайда болса, Add Door есігін ашпаңыз.

Машина жұмыс істеп тұрған кезде, Бастау/Үзіліс түймесін баспайынша, Add Door есігін ашуға әрекет етпеңіз. Add Door есігі жуу циклы аяқталғанда, (Бастау/Үзіліс түймесін баспай-ақ) өздігінен ашылып кетуі мүмкін екенін ескеріңіз.

Add Door арқылы тым көп зат салмаңыз. Жұмыс тиімділігі төмендеуі мүмкін.

Add Door есігінің астыңғы жағын тұтқа ретінде қолданбаңыз. Саусақтарыңыз қыстырылып қалуы мүмкін.

Add Door есігіне ешбір кір қыстырылып қалмағанына көз жеткізіңіз.

Жануарларыңызды кір жуғыш машинадан, әсіресе, Add Door есігінен алыс ұстаңыз.

38 Казақ

Untitled-11 38

 

 

2017-11-15 ￿￿ 2:05:41