Күтім көрсету

Smart Check

Бұл функцияны қосу үшін әуелі Samsung Smart Washer қолданбасын Play Store немесе Apple Store арқылы жүктеп, камера функциясы бар мобильдік құрылғыға орнату керек.

Smart Check функциясы келесі құрылғылар үшін оңтайландырылған: Galaxy және iPhone сериялары (кей үлгілерде қолдау көрсетілмейді)

Кір жуғыш машина фондық режимде өзіндік диагностика жасай бастайды да, мәселе бары анықталса, ақпарат кодын көрсетеді. Бұл жағдайда келесі қадамдарды қараңыз:

1.Мобильдік құрылғыдағы Samsung Smart Washer қолданбасын қосып, Smart Check түймесін түртіңіз.

2.Смартфон камерасы мен кір жуғыш машина бір-біріне қарап тұратын етіп, мобильдік құрылғыны кір жуғыш машинаның дисплейіне жақын қойыңыз. Содан кейін қолданба автоматты түрде ақпарат кодын таниды.

3.Ақпарат коды дұрыс танылғаннан кейін қолданба мәселеге қатысты толық ақпарат пен бірге шешу жолдарын ұсынады.

ЕСКЕРТПЕ

Smart Check функциясының атауы тілге байланысты өзгеше болуы мүмкін.

Егер кір жуғыш машинаның дисплейіне жарық шағылысса, қолданба ақпарат кодын тани алмауы мүмкін.

Қолданба Smart Check кодын бірнеше рет қатарынан тани алмаса, қолданбаның экранына ақпарат кодын қолмен енгізіңіз.

көрсету Күтім

46 Казақ

Untitled-11 46

 

 

2017-11-15 ￿￿ 2:05:42