Samsung WW70K6210RW/LP Тазалауға қатысты қатаң ескертулер, Weee белгісіне қатысты нұсқаулықтар

Models: WW70K6210RW/LP WW80K6210RW/LP

1 168
Download 168 pages 55.27 Kb
Page 68
Image 68

Қауіпсіздік туралы ақпарат

Қауіпсіздік туралы ақпарат

Тазалауға қатысты қатаң ескертулер

ЕСКЕРТУ

Машинаға жай ғана су шашып, тазаламаңыз.

Күшті қышқылы бар тазалағыш құралды пайдаланбаңыз.

Кір жуғыш машинаны тазалау үшін бензол, еріткіш немесе спиртті пайдаланбаңыз.

Себебі, құрылғының түсі кетіп, деформацияланып, бүлініп немесе электр қатері орын алуы, өрт шығуы мүмкін.

Кір жуғыш машинаны тазалау немесе оған техникалық қызмет көрсету алдында машинаны қуаттану көзінен қабырға розеткасынан қуаттану айырын суыру арқылы ажыратыңыз.

Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына немесе өртенуге әкеп соғуы мүмкін.

WEEE белгісіне қатысты нұсқаулықтар

Осы құрылғыны қоқысқа дұрыс тастау (Ескі электр жəне электроника құрылғылары)

(Жеке қоқыс жинау жүйесі бар елдерге қатысты)

Өнімге, оның керек-жарақтарына немесе құжаттарына салынған бұл белгі, құрылғыны жəне оның электроникалық керек-жарақтарын (мысалы, зарядтағышы, құлақаспабы, USB сымы) қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін тұрмыстық қоқыспен бірге тастауға болмайды дегенді көрсетеді. Қоқысты дұрыс тастамаған кезде қоршаған ортаға жəне адамның денсаулығына келуі ықтимал зиянның алдын алу үшін, бұндай қоқыстарды басқа қоқыстардан бөліп, материал ресурстарын түбегейлі түрде қайта қолдану үшін қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз.

Жеке пайдаланушылар осы өнімді сатып алған бөлшек сауда орталығына немесе жергілікті əкімшілік мекемеге хабарласып, бұл заттарды қоршаған ортаға зиянсыз түрде қайта өңдеуден өткізу үшін қайда, қалай апарып тапсыруға болатыны туралы ақпарат алуы керек. Заңды тұлғалар өз жабдықтаушыларына хабарласып, сатып алу келісім-шартының шарттары мен талаптарын қарауға тиіс. Аталмыш өнімнің жəне оның керек-жарақтарын басқа қоқысқа тасталатын коммерциялық қалдықтарға араластырмау керек.

Samsung компаниясының экологиялық міндеттері және өнімнің арнайы нормативтік міндеттері туралы ақпарат алу үшін, мысалы: REACH, мына веб-торапқа кіріңіз: samsung.com/uk/ aboutsamsung/samsungelectronics/corporatecitizenship/data_corner.html

12 Қазақша

WW70K6210RW_DC68-03676P-01_KK.indd 12

2017/3/2 20:22:03

Page 68
Image 68
Samsung WW70K6210RW/LP, WW80K6210RW/LP manual Тазалауға қатысты қатаң ескертулер, Weee белгісіне қатысты нұсқаулықтар