Операциялар

Параметрлер

Операциялар

Бала құлпы

Балаларды қайғылы оқиғадан қорғау үшін "Бала құлпы" функциясы Қуат түймесінен басқа барлық түймелерді құлыптайды.

"Бала құлпы" функциясын орнату үшін,

Температура (Темп.) және Полоскание

(Шаю) түймелерін бір уақытта 3 секундтай басы тұрыңыз. Іске қосу үшін Бастау/Кідірту түймесін басыңыз.

Бастау/Кідірту түймесін басудан бұрын, есігін ашуға немесе тиісті түймелердің көмегімен параметрлерді өзгертуге болады. Машинаны іске қосу үшін Бастау/Кідірту түймесін басқан кезде "Бала құлпы" функциясы іске қосылады.

"Бала құлпы" функциясын уақытша ажырату үшін

Есікті ашыңыз, одан кейін Температура

(Темп.) және Полоскание (Шаю) түймелерін бір уақытта 3 секундтай басып тұрыңыз. "Бала құлпы" функциясы уақытша 1 минутқа ажыратылады және индикатор жыпылықтайды. Кірді салыңыз, есікті келесі 2 минуттың ішінде жабыңыз. Әйтпесе, машинадан 2 минуттай сигнал дыбысы шығады. Есікті жапқаннан кейін "Бала құлпы" функциясы қайта қосылады да, индикатор жанады.

ЕСКЕРТПЕ

"Бала құлпы" күйінде, ұнтақ немесе кір қосқыңыз келсе не ағымдағы параметрлерді өзгерту керек болса, алдымен "Бала құлпы" функциясын ажыратыңыз.

"Бала құлпы" функциясын болдырмау үшін Температура (Темп.) және Полоскание

(Шаю) түймелерін бір уақытта 6 секундтай басып тұрыңыз. Баламалы түрде "Бала құлпы" функциясы уақытша ажыратылған кезде, Температура (Темп.) және Полоскание (Шаю) түймелерін бір уақытта 3 секундтай басыңыз.

Дыбысты қосу/өшіру

Перне үнін, дабыл сигналын немесе дабылды қосуға не өшіруге болады. Параметрлеріңіз машинаны қайта іске қосқаннан кейін де тиімді қалады.

Дыбысты өшіру үшін Полоскание (Шаю) және Отжим (Айналдыру) түймесін бір уақытта 3 секунд бойы басып тұрыңыз.

Дыбысты қайта қосу үшін түймені қайтадан 3 секунд бойы басып тұрыңыз.

36 Қазақша

WW70K6210RW_DC68-03676P-01_KK.indd 36

2017/3/2 20:22:17

Page 92
Image 92
Samsung WW70K6210RW/LP, WW80K6210RW/LP manual Параметрлер, Бала құлпы, Температура Темп. және Полоскание, Дыбысты қосу/өшіру