Ашаны дымқыл қолмен ұстамаңыз.
-Электр қатеріне ұшырауыңыз мүмкін.
Іске қосылып тұрған құрылғыны ашасынан тартып электр желісінен ағытуға болмайды.
-Ашаны қайта розеткаға сұққан кезде жарқыл пайда болып, электр қатері немесе өрт шығуы мүмкін.
Орам материалдарының барлығын баланың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз, себебі орам материалдары балалар үшін қауіпті.
-Бала қалтаны басына киіп алса, тұншығып қалуы мүмкін.
-Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы, адам күйіп немесе жарақаттанып қалуы мүмкін.
Құрылғыны ешқашан тағам пісіруден басқа мақсатта қолданбаңыз.
-Бұл нұсқау орындалмаса, өрт шығуы мүмкін.
Пластик немесе қағаз сауыттарды ешқашан қыздырмаңыз және оларды пеш үстінің функциясы үшін қолданбаңыз.
-Бұл нұсқау орындалмаса, өрт шығуы мүмкін.
Тағамды қатты қыздырмаңыз.
-Өрт шығуы мүмкін.
Тағамдарды журнал немесе газет парақтарына орап қыздырмаңыз.
-Өрт шығуы мүмкін.
Тұтанғыш бүріккіштерді немесе заттарды пештің қасына қоймаңыз немесе қолданбаңыз.
-Өрт шығу немесе жарылыс орын алу қаупі бар.
Кофе, шай, ликер немесе су тәрізді сусындарды немесе карри, сорпа немесе бұқтырма тәрізді тағамдарды қыздыру үшін төмен қуат параметрін қолданыңыз да, қыздыру барысында араластыруды ұмытпаңыз.
-Жоғары қуат параметрін қолданғанда, ыдыстың ішіндегісі ешбір белгі берместен тасып кетуі және қатты күйіп қалуыңыз мүмкін.
Саусақтарыңызды, басқа заттарды немесе білікше не ине тәрізді темір заттарды, ішкі, сыртқы тесіктерге және саңылауларға сұқпаңыз. Бұл аталған саңылау, тесіктердің қайбіріне бөгде зат сұғылса, ашаны розеткадан суырыңыз да, осы құрылғыны сатушыға немесе жақындағы қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
-Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе жарақаттанып қалуы мүмкін.
Сауыттарды ЕШҚАШАН шегіне дейін толтырмаңыз, сұйық тасып төгілмес үшін аузы түбінен қарағанда кең сауытты таңдаңыз. Мойыны тар шөлмектер де, қатты қызса жарылып кетуі мүмкін.
Баланың шөлмегін ЕШҚАШАН еміздігін алмай қыздырмаңыз, себебі қатты қызған шөлмек жарылып кетуі мүмкін.
Қорек сымы немесе ашасын суға батырмаңыз, қорек сымын заттың қызып тұрған беттерінен алыс ұстаңыз.
Қорек сымы немесе ашасы бүлінген құрылғыны ешқашан іске қоспаңыз.
ЕСКЕРТУ : Сұйық тағамдар мен басқа да тағамды тұмшаланып жабылған сауыттарда қыздыруға болмайды, себебі олар жарылуы мүмкін.