Негізгі мүмкіндіктер

Blu-ray дискісінің қызметтері

Blu-ray дискілері саладағы ең жоғары сапалы HD бейне форматын қолдайды. Үлкен сыйымдылық бейне сапасына еш әсер етпейді. Сонымен қатар, Blu-ray дискісінің өлшемі мен көрінісі DVD дискісінікімен бірдей.

Төмендегі Blu-ray дискісінің қызметтері дискіге байланысты және әр түрлі болуы мүмкін. Қызметтердің көрінісі мен олардың ішінде жылжуда дискілер арасында айырмашылықтар болуы мүмкін.

Төменде көрсетілген қызметтер дискілердің барлығында бола бермейді.

Бейне форматтың басты сипаттары

BD-ROM форматы жоғары жетілдірілген үш бейне кодекті қолдайды, оның ішінде AVC, VC-1 және MPEG-2.

HD бейне ажыратымдылықтары да бар:

1920 x 1080 жоғары ажыратымдылығы

1280 x 720 жоғары ажыратымдылығы

Жоғары ажыратымдылықта ойнату үшін

Blu-ray дискісінде жоғары ажыратымдылықтағы мазмұндарды көру үшін HDTV (жоғары ажыратымдылықты теледидар) қажет.

Кейбір Blu-ray дискілері жоғары ажыратымдылықты мазмұнды көру үшін ойнатқыштың HDMI OUT портының пайдаланылуын қажет етуі мүмкін. Blu-ray дискілерінде жоғары ажыратымдылықты мазмұнды көру қабілеті теледидарыңыздың ажыратымдылығына байланысты шектеулі болуы мүмкін.

Интерактивтілік

Кейбір Blu-ray дискілерінде анимациялық мәзірлер мен қарапайым ойындар болуы мүмкін.

Пайдаланушы шола алатын слайд көрсетілімдері

Blu-ray дискілерімен дыбысты ойната отырып, әр түрлі қозғалмайтын суреттерді шолуға болады.

Субтитрлер

Blu-ray дискісінің мазмұнына байланысты субтитрлер үшін әр түрлі қаріп мәнерлерін, өлшемдерін және түстерін таңдай алуыңыз мүмкін. Субтитрлер, сондай-ақ, анимациялық, айналдырылатын немесе пайда болып және жоғалып тұратын болуы мүмкін.

BD-LIVE

Желі байланысы арқылы диск өндірушісі қамтамасыз ететін мазмұнды жүктеу үшін, BD- LIVE мүмкіндігін қолдайтын Blu-ray дискісін қолдануға болады.

Blu-ray дискісі ойнатқышының

мүмкіндіктері

Internet@TV

Желі байланысы арқылы түрлі ақылы немесе тегін қолданбаларды жүктеп алуға болады.

Жаңалықтар, ауа-райы болжамы, қорлар биржасы, ойындар, бейне фильмдер мен музыканы қамтитын әр түрлі интернет мүмкіндіктері мен мазмұндар қамтамасыз етіледі.

3D

Бұл өнім HDMI кабелі арқылы 3D мазмұндарын ойнатады.

3D әсерін қолдану үшін 3D құрылғысын (3D қолдайтын дыбыс және бейне ресивер, 3D қолдайтын теледидар) HDMI кабелі арқылы өнімге қосыңыз да, 3D көзілдірігін киіп, 3D мазмұнын ойнатыңыз.

Қазақша