Желіге қосылу

Желі байланысы құрылғанда, бұл өнім Internet@TV және BD-LIVE сияқты желі негізіндегі қызметтерді (50-55 беттерді қараңыз) көруге және бағдарламалық құрал жаңартуларын қабылдауға мүмкіндік береді. Байланыс үшін AP (Кіру нүктесін) немесе IP маршрутизаторын пайдалану ұсынылады. Маршрутизаторды байланысы туралы қосымша ақпарат алу үшін маршрутизатордың пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз немесе техникалық көмек алу үшін өндірушіге хабарласыңыз.

1.Жергілікті желіге тікелей қосу кабелінің (UTP кабелі) көмегімен өнімнің жергілікті желі ұясын модемнің жергілікті желі ұясына жалғаңыз.

2.Желі параметрлерін реттеңіз. (37-39 беттерді қараңыз)

04 Байланыстар

Кең жолақты байланыс модемі

(маршрутизаторы ішіне орнатылған)

Кең жолақты бейне қызметі

Немесе

Маршрутизатор

Кең жолақты байланыс модемі

Кең жолақты бейне қызметі

AllShare қызметі үшін компьютермен желі орнату (54-55 беттерді қараңыз)

ЕСКЕРТПЕ

Қолданылатын маршрутизаторға немесе интернет провайдерінің саясатына байланысты Samsung компаниясының бағдарламалық құралдар жаңартулары серверіне интернет арқылы қол жеткізу рұқсат етілмеген болуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін интернет провайдеріне хабарласыңыз.

DSL қолданушылары желіге қосылу үшін маршрутизаторды пайдалануы қажет.

AllShare қызметін пайдалану үшін компьютер суретте көрсетілгендей желіге жалғануы керек. Байланыс сымды немесе сымсыз болуы мүмкін.

Қазақша 27

Page 220
Image 220
Samsung BD-C6900P/XER, BD-C6900/XER manual Желіге қосылу, Немесе Маршрутизатор, Кең жолақты байланыс модемі