Байланыстар

Дыбыс жүйесіне жалғау

Күшейткішті қосқан кезде дыбыс деңгейін азайтып қойыңыз. Кенет шыққан қатты дыбыс динамиктер мен есту қабілетіне зақым келтіруі мүмкін.

Мәзір экранындағы дыбыс параметрлерін күшейткішке сай етіп реттеңіз. (33-35 беттерді қараңыз)

HDMI ұяларының орны күшейткішке қарай әр түрлі болуы мүмкін. Күшейткіштің пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.

1-жағдай : Дыбыс жүйесіне жалғау (HDMI қолдайтын күшейткіш) - Ең жоғары сапа (Ұсынылады)

1.HDMI кабелінің көмегімен өнімнің артқы бетіндегі HDMI OUT ұясын күшейткіштің HDMI IN ұясына жалғаңыз.

2.HDMI кабелінің көмегімен күшейткіштің HDMI OUT ұясын теледидардың HDMI IN ұясына жалғаңыз.

3.Өнімді, теледидарды және күшейткішті қосыңыз.

4.Өнімнен дыбыс шығару керек болса, сыртқы кіріс сигналын таңдау үшін күшейткіштегі кіріс сигналын таңдау түймесін басыңыз. Күшейткіштегі дыбыстың кіріс сигналын реттеу үшін күшейткіштің пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.

HDMI кабелі

(жинаққа кірмейді)

HDMI кабелі

(жинаққа кірмейді)

24 Қазақша

Page 217
Image 217
Samsung BD-C6900/XER, BD-C6900P/XER manual Дыбыс жүйесіне жалғау, 24 Қазақша