Байланыстар

3-жағдай : Дыбыс жүйесіне жалғау (Dolby Digital, DTS күшейткіші) - Жақсырақ сапа

1.Оптикалық кабельдің көмегімен өнімнің артындағы DIGITAL AUDIO OUT (OPTICAL) ұясын күшейткіштегі DIGITAL AUDIO IN (OPTICAL) ұясына жалғаңыз.

2.Бейне сигналы кабел(дер)інің көмегімен өнімнің артындағы HDMI, COMPONENT немесе VIDEO OUT ұяларын теледидардың HDMI, COMPONENT немесе VIDEO IN ұяларына жалғаңыз. (20-23 беттерді қараңыз)

3.Өнімді, теледидарды және күшейткішті қосыңыз.

4.Өнімнен дыбыс шығару керек болса, сыртқы кіріс сигналын таңдау үшін күшейткіштегі кіріс сигналын таңдау түймесін басыңыз. Күшейткіштегі дыбыстың кіріс сигналын реттеу үшін күшейткіштің пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.

4-жағдай : Дыбыс жүйесіне жалғау (2 арналы күшейткіш) - Жақсы сапа

1.Дыбыс кабельдерінің көмегімен өнімнің артқы бетіндегі AUDIO OUT (қызыл және ақ түсті) ұяларын күшейткіштегі AUDIO IN (қызыл және ақ түсті) ұяларына жалғаңыз.

2.Бейне сигналы кабел(дер)інің көмегімен өнімнің артындағы HDMI, COMPONENT немесе VIDEO OUT ұяларын теледидардың HDMI, COMPONENT немесе VIDEO IN ұяларына жалғаңыз. (20-23 беттерді қараңыз)

3.Өнімді, теледидарды және күшейткішті қосыңыз.

4.Өнімнен дыбыс шығару керек болса, сыртқы кіріс сигналын таңдау үшін күшейткіштегі кіріс сигналын таңдау түймесін басыңыз. Күшейткіштегі дыбыстың кіріс сигналын реттеу үшін күшейткіштің пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.

3-жағдай : Оптикалық кабелі

(жинаққа кірмейді)

4-жағдай :

Дыбыс сигналының кабелі

Қызыл Ақ

ЕСКЕРТПЕ

3-жағдайда сипатталған сандық аудио қосылымы пайдаланылса, ИКМ әндері бар дискілерді алдыңғы екі үндеткіш арқылы ғана тыңдауға болады.

26 Қазақша

Page 219
Image 219
Samsung BD-C6900/XER, BD-C6900P/XER manual Жағдай Дыбыс жүйесіне жалғау 2 арналы күшейткіш Жақсы сапа, 26 Қазақша