Формат HDMI

Жалғанған құрылғы үшін Түрі параметрін таңдап, HDMI шығыс сигналының түс параметрін реттеуге болады.

ТВ : HDMI арқылы теледидарға жалғанған уақытта осы параметрді таңдаңыз.

Монитор : HDMI арқылы мониторға жалғанған уақытта осы параметрді таңдаңыз.

Видеокадр(24Fs)

Видеокадр(24Fs) мүмкіндігін Вкл. күйіне орнату бейне сапасын жақсарту мақсатында өнімнің HDMI шығыс сигналын 24 кадр/с. жылдамдығына реттеуге мүмкіндік береді.

Видеокадр(24Fs) мүмкіндігін тек осы кадр жиілігін қолдайтын теледидарларда қолдануға болады. Бұл мәзір тек 1080i немесе 1080p HDMI шығыс ажыратымдылығы режимдерінде таңдалуы мүмкін.

Вкл. : Видеокадр(24Fs) функциялары іске қосылады.

Выкл. : Видеокадр(24Fs) функциялары өшіріледі.

ЕСКЕРТПЕ

Теледидар Видеокадр(24Fs) функциясын қолдамаса, қалқымалы хабар көрсетіледі.

Прогрессивная развертка

DVD дискілері ойнатылып жатқанда бейне сапасын жақсарту үшін орнатылады.

Авто : Өнімнің ойнатылып жатқан DVD дискісінің ең жақсы бейне сапасын автоматты түрде орнатуы үшін таңдаңыз.

Видео : Концерт немесе шоулар DVD дискілері үшін ең жақсы бейне сапасын орнату керек болғанда осыны таңдаңыз.

Стабилизация изображения

DVD дискісінің ойнатылуы кідіртілгенде өнім көрсететін сурет түрін орнатады.

Авто : мазмұнға қарай ең жақсы стоп-кадрын автоматты түрде көрсетеді.

Кадр : Қозғалысы аз болатын үзіндіні кідіртілгенде қолданылады.

Поле : Қозғалыстары көп болатын үзіндіні кідіртілгенде қолданылады.

Насыщенный цвет HDMI

Бейненің HDMI OUT шығыс ұясынан қанық түспен шығарылуын - шығарылмауын реттейді. Қанық түс жоғарғы қанықтығы арқылы түстерді дәлірек жаңғыртуға мүмкіндік береді.

Авто : Бейне Насыщенный цвет HDMI мүмкіндігін қолдайтын жалғанған теледидарда қанық түс әсерімен көрсетіледі.

Выкл. : Бейне қанық түс әсерісіз шығарылады.

Аудио

Цифровой выход

Жалғанған ресиверге қарай Цифровой выход параметрін орнатады. (Қосымша ақпарат үшін келесі беттегі сандық шығыс сигналын таңдау туралы ақпаратты қараңыз)

• PCM

• Битовый поток (перекодировка)

• Битовый поток (аудиофайл)

ЕСКЕРТПЕ

Цифровой выход параметрін дұрыс таңдау керек, әйтпесе ешбір дыбыс шықпайды немесе өте қатты шығады.

HDMI құрылғысын (ресивер, теледидар) қысылған пішімдермен (Dolby digital, DTS) пайдалану мүмкін болмаса, дыбыс сигналы ИКМ болып шығады.

Әдеттегі DVD дискілері ойнатылғанда екінші дыбыс ағыны мен дыбыс әсерлері естілмейді.

Кейбір Blu-ray дискілерінде екінші дыбыс ағыны мен дыбыс әсерлері болмайды.

Осы Цифровой выход параметрлері аналогтық (L/R) немесе HDMI дыбыстарының теледидарға шығатын сигналына әсер етпейді.

Ресиверге жалғанған уақытта оптикалық және HDMI дыбыстарының шығуына әсер етеді.

MPEG дыбыс жолдары ойнатылғанда, сандық шығыс сигналының таңдалған түріне қарамастан (ИКМ немесе Битовый поток) сигнал ИКМ пішімінде беріледі.

05 Настройки

Қазақша 33

Page 226
Image 226
Samsung BD-C6900P/XER, BD-C6900/XER manual Кадр Қозғалысы аз болатын үзіндіні кідіртілгенде қолданылады