3D функциясы арқылы көру

3D БЕЙНЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ.

3D функциясын пайдаланбас бұрын, төмендегі қауіпсіздік ақпаратын оқып, түсініп алыңыз.

3D бейнесін тамашалау барысында, кейбір көрермендер бас айналу, лоқсу және бас ауыру сияқты ыңғайсыздықтарды сезіну мүмкін.

Осындай симптомдардың кез келгені пайда болса, 3D бейнесін көруді тоқтатып, 3D көзілдірігін шешіп, демалыңыз.

3D бейнелерін ұзақ көру көзді ауыртуы мүмкін. Көз ауырса, 3D бейнесін көруді тоқтатып, 3D көзілдірігін шешіп, демалыңыз.

3D функциясын пайдаланып отырған балаларды жауапты ересек адам жиі тексеріп отыруы тиіс.

Көздердің талғаны, бас ауруы, бас айналуы немесе лоқсу жағдайлары байқалса, балалардың 3D бейнесін көруін тоқтатып, оларды демалдырыңыз.

3D көзілдірігін басқа мақсаттарда (мысалы, әдеттегі көзілдірік, күнге қарсы көзілдірік, қорғайтын арнайы көзілдірік, т.б.)

пайдаланбаңыз

Жүріп бара жатқанда немесе қозғалыс кезінде 3D функциясын немесе 3D көзілдірігін пайдаланбаңыз. 3D функциясын немесе 3D көзілдірігін қозғалыс барысында пайдаланса, бірдемеге соғылуға, сүрінуге және құлап қалып, ауыр жарақат алуға болады.

Дискіні сақтау және басқару

Дискілерді қолдану

Диск пішіні

• Қалыпты пішіндегі дискілерді пайдаланыңыз. Әдеттегіден тыс диск (арнайы пішінді диск) қолданылса, ойнатқышты зақымдап алуға болады.

Дискілерді қолмен ұстау

Деректер жазылған диск бетін ұстамауға тырысыңыз.

Blu-ray дискілері

Blu-ray дискісін ойнатқыштың ішінде ұзақ уақыт бойы қалдырмаңыз. Blu-ray дискісін ойнатқыштан шығарып, қабында сақтаңыз.

Blu-ray дискісінің бетінде саусақ іздерін немесе сызат қалдырмауға тырысыңыз.

DVD-VIDEO, аудио ышқам диск (CD-DA)

Дискідегі шаңды немесе кірді жұмсақ шүберекпен сүртіп тазалаңыз.

Дискіні сақтау

Дискіге зақым келтірмеу үшін абай болыңыз, себебі дискіде жазылған деректер қоршаған орта әсерлеріне өте сезімтал.

Күн сәулесі тікелей түспейтін жерде сақтаңыз.

Жақсы желдетілетін салқын жерде сақтаңыз.

Тігінен қойып сақтаңыз.

Таза қорғау қаптамасында сақтаңыз.

Ойнатқышты кенет салқын жерден жылы жерге апарса, істеп тұрған бөліктері мен линзаның беті ылғалданып, диск қалыпты ойнатылмауы мүмкін. Мұндай жағдайда, ойнатқышты розеткадан ажыратып, екі сағат күтіңіз де, штепсельдік ұшты розеткаға қосыңыз. Одан кейін, дискіні салып, қайта ойнатып көріңіз.

Қолдануға қатысты ескертулер

Дискінің сыртқы бетіне қаламсаппен немесе қарындашпен жазу жазбаңыз.

Жазуды өшіруге арналған спрейлерді немесе антистатикалық спрейлерді қолданбаңыз. Сонымен қатар, бензол немесе бояу еріткіші сияқты ұшпа химиялық заттарды қолданбаңыз.

Дискінің бетіне жапсырма қағаз бен стикерлерді жапсырмаңыз. (Жапсырма таспаның немесе стикерлердің желімі қалған дискілерді пайдаланбаңыз.)

Сызылып қалудан қорғайтын заттар немесе жабындарды қолданбаңыз.

Қолданыстағы жапсырма қағаз басатын принтерлермен басылған дискілерді пайдаланбаңыз.

Сызылған немесе зақымдалған дискілерді салмаңыз.

Бұл ойнатқышқа басқа құрамдастар бөліктерді жалғамас бұрын олардың өшірілгенін тексеріңіз.

02 Қауіпсіздік ақпараты

Қазақша 5

Page 155
Image 155
Samsung BD-D7500/RU manual Дискілерді қолдану, 3D функциясы арқылы көру, Дискіні сақтау және басқару