Параметрлерді орнату

`` Samsung Electronics корпорациясы бағдарламалық құралдың жаңартылуы барысындағы тұрақсыз Интернет байланысы немесе пайдаланушы немқұрайдылығы нәтижесінде орын алған ойнатқыштың ақаулары үшін жауап бермейді.

`` Егер жаңа бағдарламалық құралды жүктеп алу барысында жаңартудан бас тарту керек болса, ЕНГІЗУ түймесін басыңыз.

По USB

USB арқылы жаңарту үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:

1.www.samsung.com/bluraysupport веб- торабына кіріңіз.

2.Компьютерге ең соңғы USB бағдарламалық құрал жаңартуының zip мұрағатын жүктеп алыңыз.

3.Zip мұрағатын компьютерде ашыңыз. Атауы zip-файлмен бірдей қалта пайда болу керек.

4.Қалтаны USB флэш-жадына көшіріңіз.

5.Бұйымға ешқандай диск енгізбеңіз, USB флеш-дискісін ойнатқыштың USB ұяшығына енгізіңіз.

6.Ойнатқыштың мәзірінде Настройки > Поддержка > Обновление ПО тармағына өтіңіз.

7.По USB параметрін таңдаңыз.

ЕСКЕРТПЕ

`` USB хост ұясы арқылы бағдарламалық құралды жаңартқанда, бұйымға ешқандай диск енгізбеу керек.

`` Бағдарламалық құралды жаңарту үрдісі аяқталғанда, Жаңарту мәзірінен бағдарламалық құрал жайлы ақпаратты қарап алыңыз.

`` Бағдарламалық құрал жаңартылып жатқанда, ойнатқышты өшірмеңіз. Ойнатқыш бұзылып қалуы мүмкін.

`` USB басты ұясын пайдалану арқылы бағдарламалық құралдарды жаңарту тек USB жад құрылғысымен ғана орындалуы тиіс.

С диска

Диск арқылы жаңарту үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз.

1.www.samsung.com/bluraysupport веб- торабына кіріңіз.

2.Компьютерге ең соңғы диск бағдарламалық құрал жаңартуының zip мұрағатын жүктеп алыңыз.

3.Zip мұрағатын компьютерде ашыңыз. Атауы zip-файлмен бірдей қалта пайда болу керек.

4.Қалтаны дискіге жазыңыз. CD-R немесе DVD-R дискілерін пайдалануды ұсынамыз.

5.Компьютерден шығармас бұрын, дискіні пішімдеңіз.

6.Дискті ойнатқышқа салыңыз.

7.Ойнатқыштың мәзірінде Настройки > Поддержка > Обновление ПО тармағына өтіңіз.

8.С диска параметрін таңдаңыз.

ЕСКЕРТПЕ

`` Жүйені жаңарту үрдісі аяқталғанда, бағдарламалық құралдың Жаңарту мәзірінен бағдарламалық құрал жайлы ақпаратты қарап алыңыз.

`` Бағдарламалық құрал жаңартылып жатқанда, ойнатқышты өшірмеңіз. Ойнатқыш бұзылып қалуы мүмкін.

С загр. файла

«С загр. файла» опциясы бағдарламалық құралды ойнатқыш бұрын жүктеп алған, бірақ бірден орнатылмаған немесе ойнатқыш күту режимінде (Төмендегі «Күту режимінде жүктеп алу» бөлімін қараңыз) жүктеп алған файлдың көмегімен жаңартуға мүмкіндік береді. Жүктелген файл арқылы жаңарту үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз.

1.Жаңа бағдарламалық құрал жүктеліп алынған болса, бағдарламалық құрал нұсқасының нөмірін «С загр. файла» параметрінің жанынан көресіз.

2.«С загр. файла» параметрін таңдап, ЕНГІЗУ түймесін басыңыз.

3.Ойнатқыш жаңарту қажеттілігін сұрайтын хабар көрсетеді. Да жауабын таңдаңыз. Ойнатқыш жаңартуды бастайды.

4.Жаңарту аяқталған кезде, ойнатқыш автоматты түрде өшіп, қайтадан қосылады.

ЕСКЕРТПЕ

`` Жүйені жаңарту үрдісі аяқталғанда, бағдарламалық құралдың Жаңарту мәзірінен бағдарламалық құрал жайлы ақпаратты қарап алыңыз.

`` Бағдарламалық құрал жаңартылып жатқанда, ойнатқышты өшірмеңіз. Ойнатқыш бұзылып қалуы мүмкін.

Загрузка в режиме ожидан.

«Загрузка в режиме ожидан.» функциясын ойнатқыш күту режимінде тұрғанда жаңа бағдарламалық құрал жүктелетін етіп орнатуға болады. Күту режимінде ойнатқыш өшіп тұрса да, Интернет байланысы үзілмейді. Бұл ойнатқыш пайдаланылмаған кезде, жаңа бағдарламалық құралды автоматты түрде жүктеп алуға мүмкіндік береді.

46 Қазақша

Page 196
Image 196
Samsung BD-D7500/RU manual «С загр. файла» параметрін таңдап, Енгізу түймесін басыңыз, 46 Қазақша