Байланыстар

Blu-ray дискісінің ойнатқышын орнату

Ойнатқышты түпқоймаға орнатуға немесе қабырғаға ілуге болады.

Ойнатқышты орнатқанда, диск салуға мүмкіндік болатындай орын қалғанын тексеріңіз. Бос орын қалдырмаса, ойнатқыш дұрыс істемейтін болады.

Орнатудың сақтық шаралары

Ойнатқыш орнатылатын қабырға тегіс және тік болу керек.

Ойнатқышты температурасы мен ылғалдылығы жоғары жерлерде және құрылғы салмағын көтере алмайтын қабырғаға орнатпаңыз.

Қабырға беріктігін тексеріңіз. Қабырға ойнатқыш орнатылатындай берік болмаса, орнатпас бұрын қабырғаны міндетті түрде күшейту керек.

Қабырғаның қандай материалдан жасалғанын тексеріңіз. Егер қабырға гипс тақтасынан, мәрмәрдан немесе темір тақтадан жасалған болса, тиісті молли бұрандалары мен бекіткіш бұрандаларды сатып алып, пайдаланыңыз.

Ойнатқышты орнатпас бұрын, сыртқы құрылғылардың (теледидар, т.б.) барлық кабельдерін жалғаңыз.

Ойнатқыш гипс тақтасынан жасалған қабырғаға (құрғақ қабырғаға) орнатылатын болса, онда қабырғаның арғы бетіне жалпақ тығырық орнатып, ұстағыш бұрандаларды тығырыққа бұрап қоюды ұсынамыз.

Ток соғу қаупін алдын алу үшін, ойнатқышты орнатпас бұрын өшіру керек.

Орнатылған ойнатқышқа асылмаңыз және оны соқпаңыз.

Құрылғыны қабырғаға құламайтындай етіп бекітіңіз. Құрылғы құласа, жарақат алынуы немесе өнім бұзылуы мүмкін.

Ойнатқышты қабырғаға балалар жалғанған кабельдерді тартпайтын етіп орнатыңыз. Әйтпесе, ойнатқыш құлап кетуі мүмкін.

1-жағдай : түпқоймаға орнату

Түпқойманы орнату үшін, түпқойма ұстағышын Blu-ray диск ойнатқышының төменгі жағындағы ойыққа кіргізіңіз.

28 Қазақша

Page 178
Image 178
Samsung BD-D7500/RU manual Жағдай түпқоймаға орнату, 28 Қазақша