Құрылғыңызды қыздырғыштардың, қысқа толқынды пештердің, ысытып пісіретін жабдықтың немесе жоғары қысымды контейнерлердің жанында не ішінде сақтамаңыз

Батарея ағып кетуі мүмкін.

Құрылғыңыз қатты қызып кетіп, өрт шығаруы мүмкін.

Құрылғыңызды шаң немесе ауадағы заттардың көп жиналатын жерлерде пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз

Шаң немесе бөгде заттар құрылғыңыздың дұрыс жұмыс істемеуіне және өртке немесе электр тоғының соғуына себеп болады.

Құрылғыны тістемеңіз немесе сормаңыз

Бұлай істеу құрылғыны зақымдауы я болмаса жарылыс немесе өрт туындатуы мүмкін.

Балалар немесе жануарлар шағын бөліктерден шашалуы мүмкін.

Егер балалар құрылғыны пайдаланса, құрылғыны дұрыс пайдаланып отырғанына көз жеткізіңіз.

Құрылғыны немесе онымен бірге берілген қосалқы құралдарды көзге, құлаққа немесе ауызға салмаңыз

Тұншығып немесе ауыр жарақат алып қалуыңыз мүмкін.

Зақымдалған немесе ағып кеткен литий ион (Li-Ion) батареяны қолданбаңыз

Литий ионды батареяны қауіпсіз етіп тастау үшін жақын жердегі өкілетті қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз.

Абайлаңыз

Қауіпсіздік шараларын қолданбау және ережелерді сақтамау ауыр жарақатқа немесе меншіктің зақымдалуына әкелуі мүмкін

Құрылғыңызды басқа электрондық құрылғылардың жанында пайдаланбаңыз

Көптеген электрондық құрылғылар радио жиілік сигналдарын пайдаланады. Құрылғы басқа электрондық құрылғыларға кедергі келтіруі мүмкін.

Қазақ тілі

164

Page 165
Image 165
Samsung BHM7100EBECEUR manual 164, Құрылғыны тістемеңіз немесе сормаңыз