Осы өнімді дұрыс жолмен тастау

(Электрлік жəне Электроникалық Жабдық қалдықтары)

(Бөлек жинау жүйелері бар елдер үшін қолданылады) Өнімдегі, қосымша құралдардағы немесе құжаттардағы осы белгі осы өнім мен оның электрондық қосымша құралдарын (мысалы, зарядтағыш, гарнитура, USB кабелі) басқа үй қоқыстарымен тастауға болмайтынын көрсетеді. Қоршаған ортаға немесе адам денсаулығына зияны тиюі мүмкін бақылаусыз тасталған қалдықтарды болдырмау

үшін осы заттарды қалдықтардың басқа түрлерінен бөлек айырып алыңыз да, материал ресурстарын қоршаған ортаға залалы тимейтіндей қайта қолданысқа түсіруіңізді сұраймыз.

Үй шаруасындағы пайдаланушылар өнімді қауіпсіз қайта өңдеуге жіберу үшін осы элементтерді қайдан жəне қалай алу жолдарын оны сатып алған сауда орнына немесе жергілікті басқару кеңсесіне хабарласуы қажет.

Іскерлік жолындағы пайдаланушылар өздерінің шығарушыларымен байланысып, сатып алу келісім-шарттарының шарттары мен ережелерін тексеруі тиіс. Осы өнім және оның электрондық керек- жарақтары, жоюға арналған басқа коммерциялық қалдықтармен араласпауы тиіс.

Осы өнім батареяларын сәйкесінше жою

(Бөлек жинау жүйелері бар елдер үшін қолданылады) Батареядағы, нұсқаулықтағы немесе орамдағы бұл таңба бұл өнімдегі батареяның өз қызмет ету мерзімінің соңында басқа тұрмыс қалдықтарымен бірге жойылмауы тиіс екендігін көрсетеді. Белгіленген жердегі Hg, Cd немесе Pb символдары батареядағы сынап, кадмий

немесе қорғасын мөлшері 2006/66 ЕО Директивасындағы көрсетілген деңгейден асып түсетіндігін білдіреді.

Бұл өнімдегі батареяны пайдаланушы ауыстыра алмайды. Оны ауыстыру туралы ақпаратты қызмет жеткізушісінен алыңыз. Батареяны шығармаңыз және отқа тастамаңыз. Батареяны бөлшектеуге, жаруға немесе тесуге болмайды. Өнімді тастауды ұйғарсаңыз, қоқыс жинайтын орын өнім мен батареяны қайта өңдеуден өткізудің немесе басқаша қолданудың тиісті шараларын жүргізеді.

Қазақ тілі

170

Page 171
Image 171
Samsung BHM7100EBECEUR manual Осы өнімді дұрыс жолмен тастау, 170