Құрылғыны өте ыстық немесе өте суық жерлерде сақтамаңыз. Құрылғыңызды 5 °C - 35 °C температура арасында пайдалану ұсынылады

Құрылғыны жазғы уақытта көлік ішінде сияқты өте ыстық аймақтарда сақтамаңыз. Бұлай істеу экранның дұрыс жұмыс істемеуіне әкеліп, құрылғыны зақымдауы мүмкін немесе батарея жарылуы мүмкін.

Құрылғыңызды тікелей күн көзі түсетін жерге (мысалы, көлік басқару панелінде) ұзақ уақыт қалдырмаңыз.

Батареяны 0° C - 45° C аралығындағы температурада сақтаңыз.

Құрылғыны тиындар, кілттер және алқа сияқты металл заттармен бірге сақтамаңыз

Құрылғы корпусы сызылуы немесе оның дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

Батарея ұштары металл затқа тисе, өрт шығуы мүмкін.

Құрылғыңызды магнитті өрістер жанында сақтамаңыз

Құрылғыңыз істемей қалуы мүмкін немесе батарея магнитті өрістерден зарядсыздануы мүмкін.

Магнитті жолақты карталар, оның ішінде несие карталары, телефон карталары, банк есепайырысу кітапшасы және қону талоны магнитті өрістер әсерінен зақымдалуы мүмкін.

Құрылғы шамадан тыс қызып кетсе, құрылғыны біраз уақыт пайдаланбай қоя тұрыңыз

Теріңізге шамадан тыс қызып кеткен құрылғы ұзақ уақыт бойы әсер етсе, қызыл дақтар немесе пигменттер сияқты төменгі температура күйігі белгілері пайда болады.

Гарнитураны пайдаланған кезде есту мүшеңізді және құлақтарыңызды қорғаңыз

Шамадан тыс қатты дыбыстар шығару есту қабілетінің зақымдалуына себеп болуы мүмкін.

Жүріп келе жатқанда қатты дыбыстар шығару назарыңызды аударып, апатқа алып келуі мүмкін.

Жүріп не қозғалып бара жатқанда құрылғыны пайдалануда сақтық шараларын пайдаланыңыз

Өзіңізге не басқаларға жарақат түсірмеу үшін әрдайым сыртқы жағдайларды біліп отырыңыз.

Қазақ тілі

167

Page 168
Image 168
Samsung BHM7100EBECEUR manual 167, Құрылғыңызды магнитті өрістер жанында сақтамаңыз