Тез тұтанатын сұйықтықтарды, газдарды немесе жарылғыш заттарды құрылғы, оның бөлшектері немесе аксессуарлары бар жерде сақтамаңыз немесе орналастырмаңыз.

Құрылғыдан немесе батареядан оғаш иістер немесе дыбыстар шығып жатқанын байқасаңыз я болмаса құрылғыдан немесе батареядан түтін немесе сұйықтықтар шығып жатқанын көрсеңіз, құрылғыны пайдалануды бірден тоқтатыңыз және оны Samsung сервис орталығына апарыңыз

Бұлай істемеу өртке немесе жарылысқа әкелуі мүмкін.

Көлік жүргізгенде ұялы құрылғыны пайдалануға қатысты барлық қауіпсіздік ескертулері мен ережелерін сақтаңыз

Автокөлікті қауіпсіз жүргізу бірінші жауапкершілігіңізге жатады. Заңмен тыйым салынса, көлік жүргізгенде ұялы құрылғыны ешқашан пайдаланбаңыз.

Мобильді құрылғыңызды күтіңіз және дұрыстап пайдаланыңыз

Құрылғыңызды құрғақ ұстаңыз

Ылғалды орта мен сұйықтықтар құрылғының бөлшектерін немесе электрондық шағын схемаларын зақымдауы мүмкін.

Құрылғыңыз дымқылданса, оны қоспаңыз. Егер құрылғыңыз қосулы болса, оны өшіріп, батареясын бірден алыңыз (егер құрылғы өшпесе немесе батареясын шығара алмасаңыз, сол қалпында қалдырыңыз). Сосын құрылғыңызды орамалмен кептіріп, оны қызмет көрсету орталығына алып барыңыз.

Сұйықтықтар құрылғы ішіндегі судың зақымдайтынын білдіретін белгінің түсін өзгертеді. Құрылғыңыз сумен зақымдандалған жағдайда өндірушінің кепілдігі жарамсыз болады.

Құрылғыны тегіс беттерде ғана сақтаңыз

Құрылғыны құлатып алсаңыз, ол зақымдануы мүмкін.

Қазақ тілі

166

Page 167
Image 167
Samsung BHM7100EBECEUR manual Мобильді құрылғыңызды күтіңіз және дұрыстап пайдаланыңыз, 166