Гарнитура кабелінің қолдарыңызда немесе жақын нысандарда шатасып қалмайтынына сенімді болыңыз.

Құрылғыңызды артқы қалталарда немесе беліңізде ұстамаңыз

Құрылғыны құлатып алсаңыз, ол зақымдануы немесе сізді жарақаттауы мүмкін.

Боямаңыз немесе құрылғыңызға жапсырмалар жабыстырыңыз

Бояу және жапсырмалар қозғалатын бөліктеріне кедергі келтіріп, дұрыс жұмыс істеуіне жол бермеуі мүмкін.

Құрылғының бояуына немесе бөлшектеріне аллергияңыз болса, тері қышуы, қышыма пайда болуы немесе ісуі мүмкін. Мұндай жағдайда құрылғыны пайдалануды тоқтатып, дәрігерден кеңес алу керек.

Ұялы құрылғыларды және жабдықты сақтықпен орнатыңыз

Көлігіңізге орнатылған ұялы құрылғыларыңыздың немесе оларға қатысты жабдықтардың берік бекітілгендігіне көз жеткізіңіз.

Құрылғыны немесе көмекші құралдарды ауа жастық шығатын аймақтарға орналастырмаңыз. Ауа жастықтары дереу шыққан кезде, дұрыс орнатылмаған сымсыз құрылғы денеңізді едәуір жарақаттауы мүмкін.

Құрылғыңызды түсіріп алмаңыз немесе құрылғыңызға соққы тигізбеңіз

Құрылғы зақымдалуы немесе дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

Егер майысса не пішіні өзгерсе, құрылғыңыз зақымдалуы не бөлшектері істемей қалуы мүмкін.

Батареяның және зарядтағыштың ең жоғарғы жарамдылығына көз жеткізіңіз

Құрылғыны бір аптадан астам зарядтамаңыз, себебі шамадан тыс қызу батарея қызметі уақытын азайтуы мүмкін.

Кейде пайдаланылмаған құрылғы заряды таусылса, оны пайдалану алдында зарядтау керек.

Зарядтағыш қолданылмаған кезде, оны қуат көздерінен ажыратыңыз.

Батареяны тек арнайы мақсаттарында пайдаланыңыз.

Қазақ тілі

168

Page 169
Image 169
Samsung BHM7100EBECEUR manual 168, Боямаңыз немесе құрылғыңызға жапсырмалар жабыстырыңыз