-Суреттерді HD-JPEG режимінде көрсету кезінде суреттің өлшеміне байланысты сурет кішірек өлшемде көрсетілуі мүмкін.

-Өлшемі 720 X 480 пикселден көп JPEG файлын ойнатқанда «BD Wise» технологиясын «Off» (әшіру) қалпына қоюға кеңес беріледі.

MP3-JPEG дискісін ойнату

Артқы фон ретінде музыканы пайдаланып, JPEG дискісін ойнатуға болады.

1.Клиптер мәзіріндегі MP3 файлын таңдау үшін π/түймелерін басыңыз, содан кейін ENTER (енгізу) түймесін басыңыз.

Мәзір экранына қайтып оралу үшін RETURN (кері қайту) немесе MENU (мәзір) түймелерін басыңыз.

2.Суреттер мәзірін таңдау үшін √/® түймелерін басыңыз, содан кейін ENTER (енгізу) түймесін басыңыз. Клиптер мәзіріндегі JPEG файлын таңдау үшін π/түймелерін басып, содан кейін ENTER (енгізу) түймесін басыңыз.

- Музыка басынан бастап ойнатылады

3.Ойнатуды тоқтатқыңыз келгенде «Тоқтату» түймесін басыңыз.

Ескертпе

MP3 және JPEG файлдары бір дискіде болуы керек.

CD-R JPEG дискісі

-Тек «.jpg» және «.JPG» кеңейтімдері бар файлдар ойнатылады.

-Егер диск жабық болмаса, ойнатуды бастау ұзағырақ уақыт алады және де жазылған барлық файлдар ойнатылмайды.

-Тек ISO 9660 немесе Joliet пішіміндегі JPEG файлдары бар CD-R дискілері ойнатылады.

-JPEG файлының аты 8 таңбадан ұзақ болмауы керек және онда бос орындар мен ерекше (. / = +) таңбалар кездеспеуі керек.

-Тек ретімен жазылған көп бөлімді дискі ойнатылады. Егер көп бөлімді дискіде бос бөлім болса, дискі тек бос бөлікке дейін ойнатылады.

-Жалғыз CD дискісінде ең көбі 500 бейне сурет сақтауға болады.

-Коdak сурет CD дискілерін пайдалануға кеңес беріледі.

-Коdak сурет CD дискілерін ойнатқанда, тек суреттер қалтасындағы JPEG файлдары ойнатылады.

-Коdak сурет CD дискісі: суреттер қалтасындағы JPEG файлдары автоматты түрде ойнатылады.

-Konica сурет CD дискісі: Fuji сурет CD дискісі: егер суретті көргіңіз келсе, клиптер мәзірінде JPEG файлдарын таңдаңыз.

-Fuji сурет CD дискісі: Fuji сурет CD дискісі: егер суретті көргіңіз келсе, клиптер мәзірінде JPEG файлдарын таңдаңыз.

-QSS сурет CD дискісі: құрылғы QSS сурет CD дискісін ойнатпауы мүмкін.

-Егер 1 дискідегі файлдар саны 500-ден асса, тек 500 JPEG файлдары ойнатылады.

-Егер 1 дискідегі бумалар саны 500-ден асса, тек қалтадағы JPEG файлдары ойнатылады.

Караоке функциялары (Тек DVD-D530K/ DVD-D360K)

Караоке функциялары

Жұмыс реті

1.Аралас аудио шығыс терминалдарын теледидарға не күшейткішке жалғаңыз.

2.Микрофон құрылғысына микрофонды жалғаңыз. Микрофон жалғанған кезде, караоке функциялары пайдаланылады.

Микрофонның дыбыс қаттылығы және түймелермен басқару

1.Керекті әндері бар караоке дискісін ойнатыңыз.

åàä. (дыбыс қаттылығы) немесе äãûñ. (кілт) параметрін таңдау үшін KARAOKE (†) (караоке) түймесін, содан кейін π/† түймесін басыңыз.

2.Қалаған элементті таңдау үшін √/® түймелерін басыңыз.

Karaoke Scoring (Score) бағдарламасы

Ұпай беру былайша көрсетіледі :

1.Микрофон жалғанған және Karaoke score бағдарламасы қосулы.

2.Караоке дискісінің әр тарауының/атауының соңында.

-Егер DVD караокедегі ұпай беру дискісінде қандайда бір ақпарат болса.

-VCD болған жағдайда, құрылғы караокені немесе фильмдерді ажырата алмайды, ұпай беру әрқашан шығады.

3.Karaoke score әр тарау/атау уақытының аяқталуында шамамен 6 сек. шығады

Karaoke дыбыс жазу :

1.USB жад құрылғысын USB ұясына енгізіп, микрофон қосқышын Mic ұясына кіргізіңіз.

2.Karaoke жазуды бастау үшін, DVD файлдарының бірін таңдап, RECORD (ЖАЗУ) түймесін басыңыз.

3.Жазу барысында жазуды тоқтату үшін, пайдаланушы STOP (ТОҚТАТУ) жəне PAUSE

(КІДІРТУ) түймелерін баса алады.

4.Пайдаланушы бас тартса, файл нəтижесі сақталады.

Ескертпе

-Караоке мүмкіндігін пайдаланған кезде (шыңылдау не ысқырық) дыбыстарын еститін болсаңыз, микрофонды дауыс зорайтқыштардан алыс қойыңыз немесе микрофон не дауыс зорайтқыштың дауысын ақырындатыңыз.

-MP3, WMA және LPCM дискілерін ойнатқанда, караоке функциялары жұмыс істемейді.

-Микрофон қосылып тұрғанда, дыбыс жұмыс істемейді.

-Микрофон дыбысы тек аналогты аудио шығыс көзі арқылы шығады.

-Егер микрофон алдыңғы панелдегі микрофон құрылғысына жалғанып тұрса, 5.1CH аудио 2 CH аудиоға автоматты түрде өзгереді, егер микрофон қосылмаған болса, бұл жағдай өзгермейді.

Орнату мәзірін өзгерту

Орнату мәзірін пайдалану

Реттеу мәзірі DVD ойнатқышыңызды әр түрлі тілдерді таңдау арқылы реттеуге, бастапқы деңгейді орнатуға, тіпті ойнатқышты өзіңіздің теледидар экранының түріне сай етіп реттеуге мүмкіндік береді.

1.Құрылғы тоқтату режимінде тұрғанда, қашықтан басқару пультіндегі MENU (мәзір) түймесін басыңыз. /® түймелерін çÄëíêéâäà (параметрлер) тармағын таңдау үшін басыңыз, содан кейін ENTER (енгізу) түймесін басыңыз.

2.Орнату мәзірін таңдау үшін π/түймелерін басыңыз, содан кейін ішкі мәзірді шығару үшін ® немесе ENTER (енгізу) түймесін басыңыз.

3.Ішкі мәзір опциясын таңдау үшін π/түймелерін басыңыз, содан кейін ® немесе ENTER (енгізу) түймесін басыңыз.

4.Орнатудан кейін орнату экранын кетіру үшін RETURN (кері қайту) түймесін басыңыз.

Дисплей параметрлерін реттеу

Дисплей параметрлері ойнатқыштың түрлі бейне функцияларын орнатуға мүмкіндік береді.

1.Құрылғы тоқтату режимінде тұрғанда, MENU (мәзір) түймесін басыңыз. /® түймелерін çÄëíêéâäà (параметрлер) тармағын таңдау үшін басыңыз, содан кейін ENTER (енгізу) түймесін басыңыз.

2.π/түймелерін ÄàëèãÖâ параметрін таңдау үшін басыңыз, содан кейін ® немесе ENTER (енгізу) түймесін басыңыз.

3.Қалаған элементті таңдау үшін π/түймелерін басыңыз, сосын ® немесе ENTER (енгізу) түймесін басыңыз.

11