1.DVD POWER (қуат) түймесі Қуатты қосады не сөндіреді.
2.DVD түймесі
(Тек DVD-D530/DVD-D530K)
Жұмысқа DVD ойнатқышын таңдау үшін пайдаланыңыз.
3.TV (теледидар) түймесі
(Тек DVD-D530/DVD-D530K)
Жұмысқа Samsung теледидарын таңдау үшін пайдаланыңыз.
4.EZ VIEW (қарау) түймесі
(Тек DVD-D530/DVD-D530K)
Сурет өлшемдерінің арақатынасын теледидар экранының өлшеміне (16:9 немесе 4:3) байланысты оңай дұрыстауға мүмкіндік береді.
5.MARKER (белгілеу) түймесі
6.REPEAT (қайталау) түймесі Тақырыпты, тарауды, тректі немесе дискіні қайталап ойнатуға мүмкіндік береді.
7.DISC MENU (диск мәзірі)
түймесі
Диск мәзірін шығарады.
8.RECORD түймесі
(Тек DVD-D530K/DVD-D360K)
Karaoke жазу үшін пайдалану.
9.TV VOL (+, -) (дыбыс қаттылығы) түймелері Дыбыс қаттылығын реттейді.
10.SKIP (өткізу) түймелері (k/K)
Тақырыпты, тарауды немесе тректі өткізу үшін пайдаланылады.
11.STOP (тоқтату) түймесі ( )
12.MENU (мәзір) түймесі
DVD ойнатқышының мәзірін шығарады.
13.ENTER/π/†,√/® (енгізу)
түймелері Бұл түйме қосқыш ретінде қызмет атқарады.
14.TOOLS (құралдар) түймесі Дискінің қазіргі күйін көрсетеді. Сондай-ақ, ол сізге дисплей функциясына кіруге мүмкіндік береді.
15.OPEN/CLOSE (ашу/жабу)
түймесі ( )
Дискжетекті ашу және жабу үшін.
16.HDMI SEL. түймесі
(Тек DVD-D530/DVD-D530K)
HDMI ажыратымдылығын реттейді.
17.USB түймесі
DVD суретін үлкейтеді.
18.VIDEO SEL. (бейне таңдау)
түймесі
Бейне шығыс режимін өзгертеді.
19.REPEAT A-B (A-B қайталау)
түймесі
(Тек DVD-D530/DVD-D530K)
Дискідегі таңдалған үзіндіні (А-В) қайталап ойнатуға мүмкіндік береді.
20.INFO (ақпарат) түймесі
Ойнату кезінде ақпараттық тақтаны көрсету үшін пайдаланылады.
21.TITLE MENU (тақырып мәзірі) түймесі Тақырып мәзірін көрсетеді.
22.AUDIO/TV SOURCE (ресурс)
түймесі
Дискідегі түрлі аудио функцияларға қол жеткізу үшін осы түймені пайдаланыңыз. Бар теледидар ресурсын (теледидар режимі) таңдау үшін осы түймені пайдаланыңыз.
23.PAUSE (уақытша тоқтату) түймесі ( )
(Тек DVD-D530/DVD-D530K)
Дискінің ойнатылуын уақытша тоқтатады.
24.SEARCH (іздеу) түймелері
(k/K)
Дискіде алға және артқа қарай іздеуге мүмкіндік береді.
25.TV CH (телеарна) түймелері
(P, Q)
(Тек DVD-D530/DVD-D530K)
Телеарнаны таңдайды.
26.PLAY (ойнату) түймесі ()//( )
Дискінің ойнатылуын бастайды.
27.RETURN (кері қайту) түймесі Алдыңғы мәзірге кері қайтады.
28.SUBTITLE (субтитр) /(π)түймесі
29.EXIT (жабу) түймесі
(Тек DVD-D530/DVD-D530K)
Экрандағы мәзірді жабады.
30.KARAOKE (†) (караоке) түймесі
(Тек DVD-D530K/DVD-D360K) Karaoke мəзірін ашу үшін (keycon, микрофон дыбыс деңгейі, жаңғырық.
Жалғау үлгілері
Жалғау үлгілерін таңдау
Төменде берілгендер DVD ойнатқышын теледидарға және басқа құрылғыларға жалғау үшін қолданылатын үлгілерді көрсетеді.
DVD ойнатқышын жалғамас бұрын
-Кез келген кабельдерді жалғамас немесе ажыратпас бұрын DVD ойнатқышын, теледидарды және басқа құрылғыларды өшіріңіз.
-Жеке құрылғыларға қосымша құрылғыларды жалғау туралы толық ақпарат үшін пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
A.Теледидарға жалғау (бейне үшін)
-Бейне/аудио кабельдерін пайдалана отырып, DVD ойнатқыштың артындағы VIDEO (сары)/ AUDIO (қызыл және ақ) OUT (бейне және аудио шығыстары) ұяларын теледидардың VIDEO (сары)/AUDIO (қызыл және ақ) IN (бейне және аудио кіріс) ұяларына жалғаңыз.
-DVD ойнатқышын және теледидарды қосыңыз.
-Теледидардың қашықтан басқару пультіндегі кіріс сигналын таңдау түймесін DVD ойнатқышының бейне сигналы теледидарда пайда болғанша басыңыз.
Ескертпе
-Аудио кабель электр шнурына тым жақын орналасқан жағдайда, шу пайда болуы мүмкін.
-Егер күшейткішке жалғағыңыз келсе, күшейткішке жалғау туралы бетті қараңыз.
-Ұялардың саны мен орындары теледидарға байланысты басқаша болуы мүмкін. Теледидардың пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
-Теледидарда дыбыс сигналының тек жалғыз кіріс ұясы болған жағдайда, оны DVD ойнатқышындағы [AUDIO OUT] (аудио шығыс) [сол жақ] (ақ түсті) ұясына жалғаңыз.
-DVD ойнатқышы тоқтап тұрған кезде немесе дискі салынбаған кезде VIDEO SEL. (бейне таңдау) түймесін бассаңыз, бейне шығыс режимі мына ретпен өзгереді: (I-SCAN ➝ P-SCAN ➝ SCART-RGB (Тек DVD-D360K) ➝ SCART-CVBS (Тек DVD-D360K))
B. Теледидарға жалғау (кезектескен/прогрессивті)
-Бейне кабельдерді қолданып, DVD ойнатқышының артындағы COMPONENT VIDEO OUT
(компонентті бейне шығыс) ұясын теледидардың COMPONENT IN (компонентті кіріс) ұясына жалғаңыз.
-Аудио кабельдерді қолданып, DVD ойнатқышының артындағы AUDIO (қызыл және ақ) OUT (аудио шығыс) ұяларын теледидардың AUDIO (қызыл және ақ) IN (аудио кіріс) ұяларына жалғаңыз. DVD ойнатқышын және теледидарды қосыңыз.
-Теледидардың қашықтан басқару пультіндегі кіріс сигналын таңдау түймесін DVD ойнатқышының компонентті сигналы теледидарда пайда болғанша басыңыз.
-Дисплей реттеу мәзірінде бейне шығысты I-SCAN/P-SCANетіп белгілеңіз. Бейне шығыс режимін өзгерту үшін VIDEO SEL. (бейне таңдау) түймесін қолдануыңызға болады.
Ескертпе
-"Прогрессивті сканерлеу" дегеніміз не?
Прогрессивті сканерлеуде кезектескен сигнал шығару әдісі сияқты екі сканерлеу жолдары болады. Прогрессивті сканерлеу әдісі сапасы жақсырақ және тазарақ бейне көрсетеді.
-Қашықтан басқару пультіндегі бейнені таңдау түймесін басып "Scart RGB" таңдалған кезде ешқандай компонентті бейне көрсетілмейді. (Тек DVD-D360K)
C. DVI/HDMI ұясы бар теледидарға жалғау (Тек DVD-D530K/D530)
-HDMI-DVI/HDMI-HDMI кабелін қолданып, DVD ойнатқышының артындағы HDMI OUT (шығыс) ұясын теледидардың DVI IN (кіріс) ұясына жалғаңыз.
-Аудио кабелін қолданып, DVD ойнатқышының артындағы AUDIO (қызыл және ақ) OUT (аудио шығыс)