Теледидарды/сыртқы құрылғыларды жалғау

R

W

1-әдіс

Қызыл

Сыртқы құрылғылар

Ақ

AUX

FM ANT

IN

 

L

 

R

OPTICAL

 

DIGITAL

 

AUDIO IN

2-әдіс

OPTICAL OUT

HDMI OUT

LAN

HDMI IN

03 Қосылымдар

Теледидарға жалғау

Өнімнің HDMI OUT ұясын HDMI кабелі (жинақпен бірге берілмейді) арқылы теледидардың HDMI IN ұясына жалғаңыз. ТД ARC қолдайтын болса, ТД дыбысын үй кинотеатры арқылы тек осы кабель қосылған күйде ести аласыз. Мәліметтерді осы нұсқаулықтың 19-бетінен және ТД-дың пайдаланушы нұсқаулығындағы ARC туралы бөлімнен қараңыз.

Сыртқы құрылғыларды жалғау

Құрылғыны қосқаннан кейін FUNCTION түймесін басып, сыртқы құрылғы үшін дұрыс режимді таңдаңыз. Түйме басылған сайын режим мына ретпен ауысады : BD/DVD D. IN AUX FM

Төменде үй кинотеатрына сыртқы құрылғыларды қосудың екі әдісі түсіндірілген.

1-әдіс ҚОСАЛҚЫ КІРІС СИГНАЛЫНЫҢ ҰЯСЫ: Сыртқы аналогтық құрамдас бөлікті жалғау

RCA дыбыс кабелін (бірге берілмейді) пайдаланып өнімдегі AUDIO In ұясын сыртқы аналогтық құрамдас бөліктегі AUDIO Out ұясына жалғаңыз. AUX режимін таңдаңыз.

• Кабель ашаларындағы түстерді кіріс және шығыс ұяларындағы түстермен міндетті түрде сәйкестендіріңіз.

2-әдіс оптикалық : Сыртқы сандық дыбыс құрамдас бөлігін жалғау

Кабель қораптары және жерсерік қабылдағыштары (телеприставкалар) сияқты сандық сигнал құрамдас бөліктерінің сандық дыбыс шығысын жалғау үшін.

Сандық оптикалық кабельді (бірге берілмейді) қолдана отырып, өнімдегі Optical Digital Audio In ұясын сыртқы сандық құрылғының Digital Optical Out ұясына сандық оптикалық кабель көмегімен жалғаңыз.

D. IN режимін таңдаңыз.

ЕСКЕРТПЕ Кабельді телевизия блогынан/жерсерік ресиверінен бейне материалдарды көру үшін, оның бейне шығыс ұясын теледидарға жалғау керек.

Бұл жүйе сандық сыртқы құрамдас бөліктерден келетін 32 кГц немесе одан артық Сандық дискретизация жиіліктерін қолдайды.

Бұл жүйе тек DTS және Dolby Digital дыбысын қолдайды. MPEG дыбысы, бит ағынының пішімі үшін қолдау көрсетілмейді.

Қазақша 15

Page 52
Image 52
Samsung HT-F4500/RU, HT-F4550/RU Теледидарды/сыртқы құрылғыларды жалғау, Теледидарға жалғау, Сыртқы құрылғыларды жалғау