Параметрлер

By USB

1.www.samsung.com торабына кіріңіз.

2.Беттің жоғарғы оң жағындағы SUPPORT түймесін басыңыз.

3.Іздеу өрісіне өнім моделінің нөмірін енгізіп. Үлгі нөмірін енгізгенде, ашылмалы тізім үлгі нөміріне сәйкес өнімдерді көрсетеді.

4.Ашылмалы тізімде өнімнің үлгі нөмірін тінтуірдің сол жақ түймешігімен басыңыз.

5.Пайда болған бетте төмен жылжыңыз да, Firmware Manuals & Downloads тармағын таңдаңыз.

6.Беттің ортасындағы Firmware түймесін басыңыз.

7.Беттің оң жағындағы Файл бағанында ішіндегі ZIP белгішесін нұқыңыз.

8.Пайда болған қалқымалы терезеде Send пәрменін таңдаңыз. Микробағдарламаны компьютерге жүктеу және сақтау үшін екінші қалқымалы терезеде OK түймешігін басыңыз.

9.Zip мұрағатын компьютерде ашыңыз. Атауы zip- файлмен бірдей қалта пайда болу керек.

10.Қалтаны USB флэш-жадына көшіріңіз.

11.Өнімге диск салынбағанын тексеріңіз де, USB флеш-дискісін өнімнің USB портына салыңыз.

12.Өнімнің мәзірінде Settings > Support > Software

Upgrade тармағын ашыңыз.

13.By USB тармағын таңдаңыз.

ЕСКЕРТПЕ

￿USB хост ұясы арқылы бағдарламалық құралды жаңартқанда, өнімге диск салмау керек.

￿Жаңарту барысында өнімді қолмен өшіруші немесе қосушы болмаңыз.

￿Бағдарламалық құралдың жаңартылуы аяқталғанда, Software Upgrade мәзірінен бағдарламалық құрал мәліметтерін тексеріп алыңыз.

Auto Upgrade Notification

Өнім желіге қосылып, Автоматты жаңарту хабарландыруы параметрі қосулы болса, бағдарламаның жаңа нұсқасы бар болса, өнім қалқымалы хабар арқылы ескертеді.

1.Өнімді қосыңыз.

2.Бағдарламалық құралды жаңарту мәзірінен Auto

Upgrade Notification параметрін On мәніне орнатыңыз.

Бағдарламаның жаңа нұсқасы бар болса, өнім қалқымалы хабар арқылы ескертеді.

3.Аппараттық бағдарламалық құралды жаңарту үшін, Yes жауабын таңдаңыз. Өнім автоматты түрде өшіп, қосылады да, жаңартуды бастайды.

4.Жаңарту барысы туралы қалқымалы хабар пайда болады. Жаңарту аяқталған кезде, өнім қайтадан автоматты түрде өшеді.

5.Өнімді қосу үшін, ҚУАТ түймесін басыңыз.

ЕСКЕРТПЕ

￿Жаңарту өнім қайта іске қосылып, өшкенде аяқталады. Қолдану мақсатында жаңартылған өнімді қосу үшін, ҚУАТ түймесін басыңыз. Жаңарту барысында өнімді қолмен қосушы немесе өшіруші болмаңыз.

￿Samsung Electronics корпорациясы бағдарламалық құралды жаңарту барысындағы тұрақсыз интернет байланысы немесе тұтынушы немқұрайлылығы нәтижесінде болған өнім ақауларына ешқандай заңды түрде жауапты болып табылмайды.

DLNA бағдарламасын реттеу

DLNA функциясы өнім көмегімен компьютерде музыка, бейне және фотосурет файлдарын ойнатуға мүмкіндік береді. DLNA функциясын пайдалану үшін, өнімді компьютерге желі арқылы жалғап (14-бетті қараңыз), компьютерге SAMSUNG PC Share Manager бағдарламасын орнатуыңыз керек.

DLNA бағдарламалық құралын жүктеу үшін

Компьютерде DLNA функциясын пайдалану үшін, компьютерге DLNA бағдарламалық құралын орнату керек. Samsung.сom веб-торабынан компьютердің бағдарламалық құралын жүктеп алуға және DLNA функциясын пайдалану туралы егжей-тегжейлі нұсқауларды алуға болады.

1.www.samsung.com веб-торабына өтіңіз.

2.Беттің жоғарғы оң жағындағы SUPPORT түймесін басыңыз.

3.Іздеу өрісіне өнім моделінің нөмірін енгізіп.Үлгі нөмірін енгізгенде, ашылмалы тізім үлгі нөміріне сәйкес өнімдерді көрсетеді.

4.Ашылмалы тізімде өнімнің үлгі нөмірін тінтуірдің сол жақ түймешігімен басыңыз.

5.Пайда болған бетте төмен жылжыңыз да, Firmware Manuals & Downloads тармағын таңдаңыз.

6.Software қойындысын басыңыз.

7.«Бағдарламалық құрал» қойындысындағы DLNA жолының оң жағында «EXE» белгішесін басыңыз.

8.Пайда болған қалқымалы терезеде Send пәрменін таңдаңыз. Екінші қалқымалы терезеде Save File пәрменін таңдаңыз.

9.Дискідегі DLNA орнату файлын тауып, файлды екі рет басыңыз.

10.Пайда болған қалқымалы терезеде Run түймесін басып, экранда пайда болған нұсқауларды орындаңыз.

Сол Бағдарламалық құрал қойындысынан оң жақтағы Файл бағанында тиісті PDF файлының таңбасын басу арқылы DLNA орнату/пайдалану нұсқаулығын жүктеп алыңыз. PDF пішіміндегі файл жүктеліп, ашылады. DLNA функциясын орнату және теңшеу үшін нұсқауларды орындаңыз. Файлды қарауға және/немесе сақтауға болады.

ЕСКЕРТПЕ

￿DLNA функциясын смартфонмен пайдалану үшін, құрылғы мен смартфонды бір маршрутизаторға жалғау қажет.

22 Қазақша

Page 59
Image 59
Samsung HT-F4550/RU By USB, Auto Upgrade Notification, Dlna бағдарламасын реттеу, Dlna бағдарламалық құралын жүктеу үшін