Қосымша

HDMI audio

HDMI дыбысы теледидар үндеткішіне шығарылғанда, ол 2 арнаға автоматты түрде төмен түседі.

Audio Return Channel

Anynet+ (HDMI-CEC) параметрі Өшіру мәніне орнатылғанда, Дыбысты қайтару арнасы функциясы қол жетімді болмайды.

ARC (Дыбысты қайтару арнасы) үшін куәландырылмаған HDMI кабелін пайдалану үйлесімділік проблемасын тудыруы мүмкін.

ARC функциясы тек ARC-үйлесімді теледидар қосылғанда қол жетімді болады.

Ойнату

Бейне файлдарын ойнату

Бит ағыны жоғары (20 Мбит/с немесе одан көп) бейне файлдар өнімнің мүмкіндіктерін шектеп, ойнатылым үстінде ойнатуды тоқтатып тастауы мүмкін.

Дыбыс тілін таңдау

BONUSVIEW бөлімінде ешқандай BONUSVIEW дыбыс параметрлері болмаса, экранда ◄► көрсеткіші пайда болмайды.

Аудио тілі функциясы арқылы пайдалануға болатын тілдер дискіде кодталған тілдерге тәуелді болады. Бұл функцияны немесе белгілі тілдерді пайдалану мүмкін болмауы ықтимал.

Кейбір Blu-ray дискілері PCM немесе ағылшын тіліндегі Dolby сандық дыбыс жолын таңдауға мүмкіндік береді.

Субтитр тілін таңдау

Blu-ray / DVD дискісіне байланысты субтитр тілін Диск мәзірі ішінен өзгертуге болады. DISC MENU түймесін басыңыз.

Бұл функция дискіде кодталған субтитрлерге байланысты Blu-ray /DVD дискілерінің барлығында болмауы мүмкін.

Негізгі мүмкіндік BONUSVIEW режимі туралы ақпарат Blu-ray дискінің BONUSVIEW бөлімі болған жағдайда да көрсетіледі.

Бұл функция бастапқы және қосымша субтитрлерді бір мезетте өзгертеді.

Бастапқы және қосымша субтитрлердің жалпы саны тиісінше көрсетіледі.

JPEG файлдарын ойнату

Субтитрді және PG сызбасын толық экран режимінде үлкейте алмайсыз.

Мультимедианы ойнату

Суреттерді ойнату кезінде ҚҰРАЛДАР түймесін пайдалану

Егер жүйе BD Wise функциясын қолдайтын, BD Wise функциясы Қосу мәніне орнатылған теледидарға жалғанған болса, Сурет параметрлері мәзірі пайда болмайды.

Өңдік музыка функциясы музыка файлы мен фотосурет файлы бірдей сақтау құрылғысында орналаспаса жұмыс істемейді. Сондай-ақ, дыбыс сапасына MP3 музыка файлының бит жылдамдығы, фотосуреттің өлшемі және кодтау әдісі әсер етуі мүмкін.

Playing back a USB Storage Device

USB жад құрылғысын зақымдамау үшін «Safely Remove USB (USB құрылғысын қауіпсіз шығару)» әрекетін орындау арқылы USB сақтау құрылғысын қауіпсіз ажырату керек. Home мәзірге өту үшін, HOME түймесін, САРЫ (C) түймені, одан кейін E түймесін басыңыз.

30 Қазақша

Page 67
Image 67
Samsung HT-F4550/RU, HT-F4500/RU manual Ойнату, Мультимедианы ойнату, 30 Қазақша