Қосымша

Қосымша ақпарат

Ескертпе

Қосылымдар

HDMI ШЫҒЫСЫ

Теледидарға байланысты белгілі бір HDMI шығысының ажыратымдылықтары жұмыс істемеуі мүмкін.

Бейнелерді 3D технологиясымен қарау үшін HDMI қосылымы болуы тиіс.

Ұзын HDMI кабелі экранды шуды тудыруы мүмкін. Егер бұл орын алса, мәзірде HDMI Deep Color мүмкіндігін Off мәніне орнатыңыз.

Settings

3D Settings

Кейбір 3D дискілері үшін 3D ойнатуы кезінде фильмді тоқтату үшін, 5 түймесін бір рет басыңыз. Фильм тоқтап, 3D режимі параметрі ажыратылады. 3D фильмін ойнатып жатқанда, 3D параметрін таңдауды өзгерту үшін, 5 түймесін бір рет басыңыз. Blu-ray мәзірі пайда болады. 5 түймесін қайта басып, Blu- ray мәзірінен 3D параметрлері тармағын таңдаңыз.

Кескіннің мазмұнына және теледидар экранындағы орналасуына байланысты, сол жақта, оң жақта немесе екі жағында да қара жолақтар пайда болуы мүмкін.

TV Aspect Ratio

Диск түріне байланысты кейбір кадр пішімдері қол жетімді болмауы мүмкін.

Теледидар экранының кадр пішімінен басқа кадр пішімін және параметрін таңдасаңыз, сурет бұрмаланып көрінуі мүмкін.

16:9 Original параметрі таңдалса, теледидар 4:3 Pillarbox (сурет жиектерінде қара жолақтар) пішімін көрсетуі мүмкін.

BD Wise (тек Samsung өнімдерінде)

BD Wise мүмкіндігі қосулы болғанда, Ажыратымдылық параметрі BD Wise функциясына автоматты түрде қайтарылады және BD Wise функциясы Ажыратымдылық мәзірінде пайда болады.

Егер өнім BD Wise функциясын қолдамайтын құрылғыға қосылса, BD Wise функциясын пайдалана алмайсыз.

BD Wise функциясы дұрыс жұмыс істеу үшін, өнім мен теледидардың екеуінде де BD Wise параметрін Қосу мәніне орнатыңыз.

Digital Output

Міндетті түрде дұрыс сандық шығысты таңдаңыз, болмаса дыбыс естілмейді не қатты шу естіледі.

HDMI құрылғысы (AV қабылдағышы, теледидар) қысылған пішімдермен (Dolby digital, DTS) үйлесімді болмаса, дыбыс сигналы PCM ретінде шығады.

Қалыпты DVD дискілерінде BONUSVIEW дыбысы мен шарлау дыбысының әсерлері жоқ.

Кейбір Blu-ray дискілерінде BONUSVIEW дыбысы мен шарлау дыбысының әсерлері жоқ.

Осы Сандық шығыс параметрлері аналогтық (L/ R (Сол жақ/оң жақ)) немесе HDMI дыбыстарының теледидарға шығатын сигналына әсер етпейді. Өнім AV қабылдағышқа жалғанған уақытта, ол оптикалық және HDMI дыбыстарының шығуына әсер етеді.

MPEG дыбыс жолдары ойнатылғанда, сандық шығыс сигналының таңдалған түріне қарамастан (PCM немесе биттік ағын), дыбыстық сигнал PCM ретінде шығады.

Сандық шығысты TV Speaker параметріне Speaker Selection мәні таңдалғанда қосуға болады.

BD-Live Internet Connection

BD-LIVE мазмұнын пайдалану кезінде Интернет қосылымы шектеулі болуы мүмкін.

Anynet+ (HDMI-CEC)

Теледидарға байланысты белгілі бір HDMI шығысының ажыратымдылықтары жұмыс істемеуі мүмкін. Теледидардың пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.

HDMI кабелі CEC сигналын қолдамаса, бұл функция қол жетімді болмайды.

Егер Samsung теледидарында Anynet+ логотипі болса, онда ол Anynet+ функциясын қолдайды.

BD Data Management

Сыртқы жад режимінде USB құрылғысын ойнату ортасында ажыратсаңыз, дискіні ойнату тоқтатылуы мүмкін.

FAT файл жүйесінде (DOS 8.3 том белгісі) пішімделген USB құрылғыларына ғана қолдау көрсетіледі.Оқу/жазу жылдамдығы 4 Мбит/ сек. немесе одан жылдам USB 2.0 протоколын қолдайтын USB құрылғыларын пайдалану ұсынылады.

Resume Play (Ойнатуды жалғастыру) функциясы сақтау құрылғысы пішімделгеннен кейін жұмыс істемеуі мүмкін.

Жағдайларға байланысты BD деректерін басқаруға қол жетімді жалпы жад көлемі басқаша болуы мүмкін.

DivX® Video On Demand

DivX(R) VOD туралы қосымша ақпарат алу үшін, «http://vod.divx.com» торабына кіріңіз.

Speaker Settings

Speaker Selection параметрі TV Speaker мәніне қойылғанда дыбыс теледидардың динамиктері арқылы шығарылады.

07 Қосымша

Қазақша 29

Page 66
Image 66
Samsung HT-F4500/RU, HT-F4550/RU manual Қосымша ақпарат, Ескертпе, Қосылымдар, Settings