Желі қызметтері

BD-LIVE™ дискісін пайдалану

1.Өнімді желіге қосыңыз.

(14-бетті қараңыз)

2.Желі параметрлерін теңшеңіз. (20~21-ші беттерді қараңыз)

Өнім желіге қосылған соң, BD-LIVE қызметін қолдайтын дискілерде түрлі фильмдерге байланысты қызмет мазмұнын көруге болады.

1.USB жад құрылғысын өнімнің алдыңғы жағындағы USB ұясына жалғаңыз да, оның қалған жад көлемін тексеріңіз. BD-LIVE қызметтері үшін жад құрылғысының кем дегенде 1 Гбайт бос орны болуы керек.

2.Басты экранда Settings тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

3.System тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

4.BD Data Management тармағын таңдап, E

түймесін басыңыз.

5.Change Device тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

6.USB Flash Disk тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

7.BD-LIVE қызметін қолдайтын Blu-ray дискісін салыңыз.

8.Диск өндірушісі қамтамасыз еткен әртүрлі BD- LIVE қызмет мазмұндары тізімінен бір элементті таңдаңыз.

ЕСКЕРТПЕ

Диск өндірушісіне байланысты, BD-LIVE қызметін қолдану жолы мен қамтамасыз етілген мазмұндар әртүрлі болуы мүмкін.

DLNA функциясын пайдалану

DLNA үй кинотеатры арқылы компьютердегі файлдарды ашып, ойнатуға мүмкіндік береді. Компьютерде DLNA бағдарламасын орнату және үй кинотеатрымен бөлісу қажет қалталар мен файлдарды белгілеу үшін DLNA пайдалану нұсқаулығындағы нұсқауларды орындаңыз.

DLNA бағдарламасын орнатқаннан кейін компьютердегі файлдарды ашып, ойнату үшін мына қадамдарды орындаңыз:

1.Компьютерді, теледидарды және үй кинотеатрын қосыңыз.

2.Компьютерде DLNA Shared сервері істеп тұрғанын тексеріңіз.

3.Үй кинотеатрында КӨК (D) түймесін басыңыз (Құрылғыларды көру).

4.Құрылғылар тізімінен компьютеріңізді таңдау үшін ◄► түймесін басыңыз.

5.Көру немесе ойнату қажет файл түрін Бейнелер, Фотосуреттер немесе Музыка тармағын) таңдап, E түймесін басыңыз

6.▲▼◄► түймесінің көмегімен таңдаған файлдар бар қалтаны таңдаңыз да, E түймесін басыңыз. Файлдар тізімі көрсетіледі.

7.Ойнату немесе қарау керек файлды таңдап, E түймесін басыңыз.

ЕСКЕРТПЕ

USB құрылғыларында және дискілерде файлдардан ойнату тізімін жасаумен бірдей әдіс арқылы компьютерде файлдардан ойнату тізімін жасауға болады.

Біраз жағдайларды қоспағанда, компьютердегі файлдардың ойнатылуын USB құрылғылары мен дискілердегі файлдарды басқарғандай жолмен басқаруға болады.

Компьютердегі файлдарға алдымен Басты экранындағы Бейнелер, Фотосуреттер немесе Музыка опциясын, содан кейін экранға шыққан құрылғылар тізімінен компьютерді таңдау арқылы қол жеткізуге болады.

28 Қазақша

Page 65
Image 65
Samsung HT-F4550/RU, HT-F4500/RU manual Желі қызметтері, BD-LIVE дискісін пайдалану, Dlna функциясын пайдалану, 28 Қазақша