Қауіпсіздік Ақпараты

HDMI мен HDMI High- Definition Multimedia Interface және HDMI

логотипі HDMI Licensing LLC компаниясының АҚШ- тағы және басқа елдердегі сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері болып табылады.

DLNA®, DLNA логотипі және DLNA CERTIFIED® — Digital Living Network Alliance

ұйымының сауда белгілері, қызметтік белгілері немесе куәліктендіру белгілері.

Oracle және Java — Oracle компаниясының және/немесе оның филиалдарының тіркелген сауда белгілері. Басқа атаулар тиісті иелерінің сауда белгілері болуы мүмкін.

Бұл өнім АҚШ патенттерімен және Rovi корпорациясының басқа да зияткерлік меншік құқықтарымен қорғалған көшіруден қорғау технологиясымен жабдықталған. Кері жобалауға және бөлшектеуге тыйым салынады.

Blu-ray Disc™, Blu-ray™ және логотиптер Blu-ray Disc Association ассоциациясының сауда белгілері болып табылады.

Бұл өнімде коммерциялық фильм мен бейнелердің және олардың саунд-тректерінің рұқсатсыз көшірмелерін шектеу үшін Cinavia технологиясы пайдаланылады. Рұқсатсыз көшірменің тыйым салынған қолданысы анықталғанда, хабар көрсетіледі және ойнату немесе көшіру үзіледі.

Cinavia технологиясы туралы қосымша ақпарат http://www.cinavia.com мекенжайы бойынша Cinavia Интернеттегі тұтынушыларға арналған ақпарат орталығында берілген.

Cinavia туралы қосымша ақпаратты пошта бойынша сұрау үшін, пошта мекенжайы бар ашық хатты мына мекенжайға жіберіңіз: Cinavia Consumer Information Centre, P.O. Box 86851, San Diego, CA, 92138, USA. Бұл өнім Verance Corporation корпорациясынан алынған лицензия астындағы жеке меншік технологиясын біріктіреді және 7,369,677 нөмірлі АҚШ патенті және басқа АҚШ пен дүниежүзілік шығарылған және қарастырылып жатқан патенттер арқылы, сонымен қатар, авторлық құқықпен және осындай технологияның белгілі аспектілеріне арналған сауда құпиясын қорғау арқылы қорғалады. Cinavia – Verance Corporation корпорациясының сауда белгісі. Авторлық құқықтар, 2004-2010 Verance Corporation корпорациясы. Барлық құқықтары Verance корпорациясымен қорғалған. Кері жобалауға немесе бөлшектеуге тыйым салынады.

-Ашық бастапқы код лицензиясы туралы ескерту Бастапқы коды ашық бағдарламалық құралды пайдаланған жағдайда, өнім мәзірінде ашық бастапқы код лицензиясы туралы мәзір болады.

3D функциясын пайдалану

3D БЕЙНЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ.

3D функциясын пайдаланбас бұрын, төмендегі қауіпсіздік ақпаратын оқып, түсініп алыңыз.

3D бейнесін тамашалау барысында, кейбір көрермендер бас айналу, лоқсу және бас ауыру сияқты ыңғайсыздықтарды сезіну мүмкін. Осындай симптомдардың кез келгені пайда болса, 3D бейнесін көруді тоқтатып, 3D көзілдірігін шешіп, демалыңыз.

3D бейнелерін ұзақ көру көзді ауыртуы мүмкін. Көз ауырса, 3D бейнесін көруді тоқтатып, 3D көзілдірігін шешіп, демалыңыз.

3D функциясын пайдаланып отырған балаларды жауапты ересек адам жиі тексеріп отыруы тиіс. Көздердің талғаны, бас ауруы, бас айналуы немесе лоқсу жағдайлары байқалса, балалардың 3D бейнесін көруін тоқтатып, оларды демалдырыңыз.

3D көзілдірігін басқа мақсаттарда (мысалы, әдеттегі көзілдірік, күнге қарсы көзілдірік, қорғайтын арнайы көзілдірік, т.б.) пайдаланбаңыз.

Жүріп бара жатқанда немесе қозғалыс кезінде 3D функциясын немесе 3D көзілдірігін пайдаланбаңыз. 3D функциясын немесе 3D көзілдірігін қозғалыс барысында пайдаланса, бірдемеге соғуға, сүрінуге және құлап қалып, ауыр жарақат алуға әкелуі мүмкін.

3D бейнесін тамашалау үшін, 3D құрылғысын (3D бейнесімен үйлесімді AV-ресивер немесе теледидар) жоғары жылдамдықты HDMI кабелінің көмегімен өнімнің HDMI OUT портына жалғаңыз. 3D бейнесін ойнатпас бұрын, 3D көзілдірігін тағып алыңыз.

Өнім 3D сигналдарын тек HDMI OUT портына жалғанған HDMI кабелі арқылы шығарады.

3D ойнату режимінде бейненің ажыратымдылығы бастапқы 3D пішімді бейненің ажыратымдылығына сәйкес орнатылатындықтан, ажыратымдылықты қалау бойынша өзгерту мүмкін емес.

3D ойнату режимінде BD Wise, экран өлшемін реттеу және ажыратымдылықты реттеу сияқты кейбір функциялар дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

3D сигналы дұрыс шығу үшін, жоғары жылдамдықты HDMI кабелін пайдалану керек.

3D бейнелерін тамашалағанда, экраннан кемінде оның енінен үш есе үлкен қашықтықта отырыңыз. Мысалы, экранның диагональдық өлшемі 46 дюйм болса, экраннан 138 дюйм (3,5 метр) алшақ отырыңыз.

-3D кескіні жақсы көріну үшін, 3D бейне экраны көзбен бір деңгейде болу керек.

Егер өнім қандай да бір 3D құрылғыларына қосылған болса, 3D әсері дұрыс қызмет атқармауы мүмкін.

Бұл өнім 2D мазмұнды 3D пішіміне түрлендірмейді.

«Blu-ray 3D» және «Blu-ray 3D» логотипі — Blu- ray Disc Association компаниялар тобының сауда белгілері.

4 Қазақша

Page 41
Image 41
Samsung HT-F4550/RU, HT-F4500/RU manual 3D функциясын пайдалану