КАЗАҚ

ЖЫЛЫ ҰСТАУ ФУНКЦИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ

Жылы ұстау ( ) функциялары тағамды үстелге тартқанша ыстық қалпы ұстайды. Тағамды үстелге тартқанша ыстық қалпы ұстау үшін осы функцияны пайдаланыңыз. Жоғары/Төмен түймешігін басып тағамды ыстық немесе жылы күйде ұстау температурасын таңдауға болады.

1.Поддержание тепла (Жылы ұстау) ( ) түймешігін басыңыз.

Жылы ұстау температурасын Поддержание тепла (Жылы ұстау) ( ) түймешігін басып таңдаңыз.

1.Ыстық

2.Жылы

2.СТАРТ/+30СЕК (БАСТАУ/+30s) () түймешігін басыңыз.

Нәтижесі: Тағам алдын ала бағдарламаланған параметр бойынша пісіріледі.

Тағам пісіру уақыты аяқталған кезде пештен дыбысты сигнал естіледі де, “End” 4 рет жыпылықтайды. Содан кейін пеш минутына бір рет сигнал береді.

ҰСЫНЫЛАТЫН ЖЫЛЫ ҰСТАУ МӘЗІРІ

1. Ыстық

Лазанья, Сорпа, Гратин, Бұқтырма, Пицца, Стейк (Жақсы піскен), Бэкон, Балық

тағамдары, Кебір торттар

2.Жылы Бәліш, Нан, Жұмыртқа тағамдары, Стейк (Шала немесе Орташа піскен)

Бұл функцияны суық тағамдарды қыздыру үшін қолданбаңыз.

Бұл бағдарламалар жаңа ғана пісірілген тағамды жылы ұстауға арналған.

Тағамды ұзақ уақыт (1 сағаттан астам) жылы ұстауға болмайды, себебі тағам үздіксіз пісе береді. Жылы тағам тез бұзылады.

Қақпақтармен немесе пластик таспамен жаппаңыз.

Тағамды алған кезде тұмшапеш қолғабын киіңіз.

ИІС КЕТІРУ ФУНКЦИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ

Бұл функцияларды иісі күшті шығатын тағам пісіргеннен кейін немесе пештің іші қатты түтіндеп кеткен кезде қолданыңыз. Алдымен пештің ішін тазалаңыз.

Тазалап болғаннан кейін Устранение запахов (Иіс кетіру) түймешігін басыңыз, тазалап болғаннан кейін төрт рет сигнал естіледі.

Иіс кетіру уақыты 5 мин деп көрсетілген. Бұл уақытты +30СЕК (+30s) түймешігін басқан сайын 30 секундқа ұзартады.

Иіс кетіру уақыты ең көп дегенде 15 минутқа созылады.

КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ТАҢДАУ

Микротолқын қуатына төзімді ыдыс-аяқтарды қолданыңыз; пластик сауыттарды, ыдыстарды, қағаз кесе, сүлгі т.с.с. пайдаланбаңыз.

Аралас пісіру режимін (гриль және микротолқын) қолданғыңыз келсе, тек микротолқын және пешке төзімді ыдыстарды ғана қолданыңыз.

Ыдыс-аяқтар мен керек-жарақтардың жарамдылығы туралы толығырақ ақпаратты, 29-беттегі "Ыдыстың жарамдылығын анықтау" тарауынан қараңыз.

26

MG23F301TFR,MG23F301TQW_BW_DE68-04178T-01_KK.indd 26

2017-06-20 ￿￿ 1:15:43

Page 110
Image 110
Samsung MG23F301TFR/BW manual Жылы Ұстау Функцияларын Пайдалану, ИІС Кетіру Функцияларын Пайдалану, КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ Таңдау