Ескерту

Осы белгішемен көрсетілген нұсқаулар орындалмаған жағдайда, адам жарақаттануы, тіпті өлімге әкелетін жағдай орын алуы мүмкін.

Құрылғыны (немесе батареяны) ешқашан ұрмаңыз немесе құрылғыны (немесе батареяны) отқа салмаңыз. Құрылғыны (немесе батареяны) сауна, қызып тұрған көліктің іші т.с.с. ыстық жерге қоймаңыз немесе қолданбаңыз.

Жарылыс шығу немесе өрт шығу қаупі бар.

Кілт немесе қапсырма тәрізді темір заттарды батареяның ағытпасына (темір бөлшектеріне) тигізбеңіз.

Егер темір заттар батарея ағытпасына тисе, асқын тоқ ағысын тудыруы және батареяны зақымдауы немесе өрт шығаруы мүмкін.

Егер өнімнен (немесе тареядан) сұйық ақса немесе өнімнен (немесе батареядан) біртүрлі иіс шықса, өнімді (немесе батареяны) алып, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Жарылыс шығу немесе өрт шығу қаупі бар.

Компьютерді қауіпсіз пайдалану үшін, ескірген батареяның орнына фирмалық жаңа батареяны салыңыз.

Компьютерді ең алғаш пайдаланбас бұрын батареясын толық зарядтаңыз.

Қазақша

3-9

Page 126
Image 126
Samsung NP-RV509-S01RU, NP-RV509-A01RU, NP-RV509-S02RU manual Жарылыс шығу немесе өрт шығу қаупі бар