Күтім көрсету

Қорек сымын басып өтпеңіз немесе оны басқа затпен бастырмаңыз.

Компьютерге ешбір зат шашпаңыз. Компьютерге ешнәрсе шашыратпау үшін оның қасында тамақтанбау керек.

Кейбір өнімдердің жүйесіндегі CMOS батареясын ауыстыруға болады. Егер CMOS батареясы дұрыс салынбаса, жарылыс шығу қаупі бар. Батареяның орнына, дәл осындай немесе өндіруші ұсынған түрін салыңыз. Батареяларды өндіруші нұсқауларына сай тастау керек. Егер CMOS батареясын ауыстыру қажет болса, осы жұмысты білікті маман жүзеге асыруға тиіс.

Компьютер сөніп тұрған кезде, компьютерде шамалы электр тоғы болады.

Электр тоғының қатерлі әсеріне ұшырамау үшін, компьютерді тазалардың алдында қорек сымдарын, батарея және модем сымдарын розеткадан ағытып алыңыз.

Жүйені розеткадан ағытыңыз да, жөндеу жұмыстарын білікті маманға тапсырыңыз, егер:

Қорек сымы немесе ашасы бүлінсе.

Жүйеге сұйық төгіліп қалса.

Жүйені іске қосу нұсқауларын орындасаңыз да, жүйе тиісті деңгейде жұмыс жасамаса.

Компьютер құлап қалса немесе корпусына зақым келсе.

Жүйенің жұмысына өзгеріс енсе.

Ноутбук компьютерді қауіпсіз пайдалануға қатысты нұсқаулар

zҚұрылғыларды орнату және іске

қосу барысында, пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген сақтық шараларын қараңыз.

xҚұралдарды тек осы құралдардың

техникалық сипаттамасында көрсетілген құрылғылармен бірге қолдану керек.

cКомпьютер түтіндесе немесе одан

күйген заттың иісі шықса, сөндіріңіз де, батареясын алыңыз. Құрылғыны қайта іске қосардың алдында білікті маманға тексерту керек.

vҚұралдарды жөндеу немесе оларға

қызмет көрсету жұмыстарын, уәкілетті қызмет көрсету орталықтары жүзеге асыру керек.

bНоутбуктің астыңғы жағын ұзақ

уақыт денеге тура тигізіп қолдануға болмайды. Қалыпты жұмыс жасау барысында, компьютер табанының температурасы жоғарылауы мүмкін (әсіресе АТ қуаты қолданылған кезде). Компьютерді денеге ұзақ уақыт тигізгенде, жағымсыз әсер алуыңыз немесе күйіп қалуыңыз мүмкін.

Қазақша

3-23

Page 140
Image 140
Samsung NP-RV509-S02RU, NP-RV509-S01RU manual Күтім көрсету, Ноутбук компьютерді қауіпсіз пайдалануға қатысты нұсқаулар