Қауіпсіздікке қатысты маңызды ақпарат

Қауіпсіздік нұсқаулары

Бұл жүйе ақпараттық технология құрылғысына қойылатын ең соңғы қауіпсіздік стандарты талаптарына сай жасалған, әрі тексерістен өткізілген. Дегенмен, осы өнімді қауіпсіздік талаптарына сай қолдану үшін, өнімде және пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген қауіпсіздік нұсқауларын міндетті түрде орындау керек.

Осы нұсқауларды адамды жарақаттайтын, өнімге нұқсан келтіретін оқыс жағдайлардың алдын алу үшін әрқашан орындаңыз.

Жүйе параметрлерін орнату

Жүйені іске қосар алдында, өнім мен осы пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген нұсқаулардың барлығын оқыңыз, әрі орындаңыз. Қауіпсіздік және іске қосуға қатысты нұсқаулардың барлығын бұдан кейін қолдану үшін сақтап қойыңыз.

Осы өнімді судың қасында немесе батарея тәрізді жылу бөлетін құрылғының қасында пайдаланбаңыз.

Жүйені орнықты жерге қойып баптаңыз.

Өнімді тек техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген қуат көзіне қосып іске қолдану керек.

Құрылғыны тоққа қосу үшін қолданылатын розетканың, өрт немесе қысқа тұйықталу орын алған жағдайда қол оңай жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.

Компьютер кернеу таңдайтын тетікпен жабдықталса, оның сіз тұратын жердегі кернеу мәніне қойылып тұрғанына көз жеткізіңіз.

Компьютер корпусындағы саңылаулар, оны желдету үшін қолданылады.

Бұл саңылауларды жаппаңыз немесе бітемеңіз. Компьютерді жұмыс орныңызға орналастырған кезде, желдету жүйесі жұмыс жасау үшін, оның айналасында кем дегенде 6 дюйм (15 см) орын қалуға тиіс. Компьютердің желдеткіш саңылауларына ешбір бөгде зат сұғуға болмайды.

Корпустың астыңғы желдеткішінің әрқашан таза тұруын қамтамасыз етіңіз. Компьютерді жұмсақ жерге қоймаңыз, астыңғы желдеткіш саңылаулары бітеліп қалады.

Осы жүйені ұзартқыш сым арқылы тоққа қоссаңыз, ұзартқыш сымға қосылған құрылғылар тұтынатын тоқтың жалпы мәні, ұзартқыш сымның жалпы жүктемесінен асып кетпейтіндігіне көз жеткізіңіз.

Беті жылтырақ ноутбукті пайдаланушылар, жылтырақ бет бөлме жарығына немесе жарық затқа шағылысуы мүмкін болғандықтан, ноутбукті орнатқанда осыны ескеру керек.

3-22

Page 139
Image 139
Samsung NP-RV509-A01RU manual Қауіпсіздікке қатысты маңызды ақпарат, Қауіпсіздік нұсқаулары, Жүйе параметрлерін орнату