Ескерту

Осы белгішемен көрсетілген нұсқаулар орындалмаған жағдайда, адам жарақаттануы, тіпті өлімге әкелетін жағдай орын алуы мүмкін.

АТ адаптеріне қатысты сақтық шаралары

Қорек сымы немесе АТ адаптері бүлініп қалмас үшін, қорек сымы немесе АТ адаптеріне ауыр зат қоймаңыз немесе аяқпен баспаңыз.

Қорек сымы бүлініп қалса, электр немесе өрт қатері орын алуы мүмкін.

Тек осы өніммен бірге жеткізілген АТ адаптерін ғана қолданыңыз.

Басқа адаптерді қолданғанда бейнебет дірілдеуі мүмкін.

Қорек сымын АТ адаптеріне мықтап жалғаңыз.

Бұлай істемегенде, шала контакт әсерінен өрт шығуы қаупі бар.

Қазақша

3-7