Жүктеу құпиясөзін орнату

Құпиясөзді орнатқан кезде, компьютерді пайдалану үшін немесе BIOS орнату мәзіріне кіру үшін құпиясөзді енгізу керек.

Құпия сөзді теңшеу арқылы жүйеге тек рұқсат етілген пайдаланушылардың кіруін қамтамасыз етіп, компьютерде сақталған деректер мен файлдарды қорғай аласыз.

Іске қоспас бұрын!

Құпия сөзді жоғалтып алмаңыз және ұмытпаңыз.

Егер құпиясөзді ұмытып қалсаңыз, Samsung компаниясының сервис орталығына хабарласыңыз. Мұндай жағдайда сервис орталығының қызметіне ақы төлеу керек.

Басты пайдаланушының құпиясөзін орнату

Басты пайдаланушының құпиясөзі компьютерді іске қосу үшін не Жүйені орнату мәзірін бастау үшін қажет.

Басты пайдаланушының құпиясөзін орнатқан кезде, басты пайдаланушыдан басқалары компьютерді пайдалана алмайды.

1BIOS орнату мәзірінен Security (қауіпсіздік) мәзірін таңдаңыз.

2

Set Supervisor Password (Басты

пайдаланушының құпиясөзін орнату)

параметрінде <Enter> пернесін басыңыз.

3

Құпиясөзді теріңіз де, <Enter>

пернесін басыңыз, құпиясөзді растау

үшін қайтадан енгізіп, <Enter> пернесін қайтадан басыңыз. Құпия сөз 8 әріптік-сандық таңбадан құралуы мүмкін. Арнайы таңбаларды теруге болмайды.

4Басты пайдаланушының құпиясөзі орнатылды. Басты пайдаланушының құпиясөзі компьютерді іске қосу үшін не BIOS орнату мәзіріне кіру үшін қажет.

Кейбір үлгілерде егер құпиясөз терілді деген хабар Setup Notice (орнату хабарламасы) терезесінде пайда болса, Enter пернесі басылғанша орнату толық аяқталмайды.

Қазақша

Пайдаланушы құпиясөзін орнату

Пайдаланушылар жүйені пайдаланушы құпиясөзімен іске қоса алады, бірақ System Setup (жүйені орнату) мәзіріне кіре алмайды. Осылай етсеңіз, басқа пайдаланушылардың Setup (орнату) мәзіріне кіруіне жол бермейсіз.

3-51