Бала қауіпсіздігі құралын қолдану

Бала қауіпсіздігі құралын пісіру алаңын байқаусызда іске қосып, пештің үстін қосып қоюға жол бермеу үшін қолдануға болады. Сонымен қатар, басқару панелінің Қосу/Сөндіру сенсорлық түймелерінен басқа түймелерін, мысалы басқару панелін шүберекпен сүртіп жатқанда параметрлер байқаусызда өзгеріп кетпеу үшін бұғаттап қоюға болады.

Бала қауіпсіздігі құралын іске Қосу/Сөндіру

1.Құлып сенсорлық түймесін шамамен

3 секунд басыңыз.

Дыбыстық сигнал естіліп таңдауды растайды.

2.Кез келген сенсорлық түймешікті басыңыз.

Дисплей беттерінде көрсетіледі де, бала қауіпсіздігі құралының қосылғанын білдіреді.

3. Бала қауіпсіздігі құралын сөндіру үшін Құлып сенсорлық түймесін тағы

3 секунд басыңыз. Дыбыстық сигнал естіліп таңдауды растайды.

ЕСКЕРТПЕ

Қуат функциясының қосу/сөндіру күйінде тұрғанына қарамай, бала қауіпсіздігінің құралы қосылады.

ЕСКЕРТПЕ

Қауіпсіздік бекітпесін тағам пісірген кезде де қолдануға болады. Бұндай жағдайда оттықты сөндіру үшін бекітпені сөндіру немесе Қуатты СӨНДІРУ қалпына қою керек.

Таймер (санау)

Таймерді автоматты сөндіру құралы ретінде қолдану:

Пісіру алаңы үшін арнайы уақыт орнатылса, осы уақыт өткеннен кейін пісіру алаңы автоматты түрде сөніп қалады. Бұл функцияны бірнеше пісіру алаңдары үшін бір мезетте қолдануға болады.

Автоматты сөндіру функциясын орнату

Автоматты сөндіру функциясын орнатқыңыз келген пісіру алаң(дар)ы қосылып тұруы керек.

1.Қосқаннан кейін тиісті пісіру алаңын

басып, сол пісіру алаңының дисплейі үшін жыпылықтайтын сигналды қосыңыз.

2.Tаймерді басқару сенсорын басыңыз.

Таймер дисплейінің үстіңгі жағында 10 саны көрсетіледі.

ЕСКЕРТПЕ

Таймердің әдепкі параметрі 10.

3.Tаймер параметрінің сенсоры

( немесе ) қолданып, қажетті уақытты, мысалы, 15 минутты орнатуға болады; осы уақыт өткеннен кейін пісіру алаңы автоматты түрде сөнеді. Автоматты сөндіру функциясы енді іске қосылды.

ЕСКЕРТПЕ

Таймер параметрін 1-ден 99-ға дейін қоюға болады.

Казақ 19

Пешті пайдалану

NZ64K7757BK_WT_DG68-00791A-01_RU+UK+KK+UZ.indb 19

2017-02-06 ￿￿ 3:07:28

Page 83
Image 83
Samsung NZ64K7757BK/WT manual Бала қауіпсіздігі құралын қолдану, Таймер санау