Пешті пайдалану

Жарамдылығын анықтау

Егер магнит ыдыстың түбіне жабысып қалса және ыдыс өндіруші ыдысқа оның жарамдылығы көрсетілген жапсырма жапсырса, ыдыс индукциямен пісіруге жарамды болып табылады.

ЕСКЕРТПЕ

Индукциялық пісіру алаңы түсті металдан жасалған, табанының жиегі магнитке жабыспайтын немесе табаны темірмен қапталған түсті металдан жасалған ыдыстарды пайдаланғанда дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

Ыдыстың өлшемі

Индукциялық пісіру алаңдары ыдыстың табанына белгілі деңгейге дейін автоматты түрде бейімделе алады. Дегенмен ыдыс табанының магнитті бөлігі, пісіру алаңының өлшеміне сай келетін ең кіші диаметрлі болуға тиіс.

Пісіру алаңдары

Ыдыс табанының минимум диаметрі

Оң жақ артқы оттық

100 мм

(145 мм)

 

Оң жақ алдыңғы оттық

140 мм

(210 мм)

 

Алдыңғы немесе артқы

140 мм

Flex plus алаңы

 

Flex рlus алаңы

240 мм (ұзын жағының өлшемі) сопақ ыдыс,

 

балық пісіретін кәстрөл

 

 

Пешті пайдалану

Жұмыс барысында естілетін шуыл

Егер келесі шуылдарды естісеңіз:

Сырт-сырт еткен дыбыс: ыдыс әр түрлі материалдардан жасалған.

• Ысқыру: екіден артық пісіру алаңы және басқа материалдан жасалған ыдыс пайдаланылуда.

• Сырылдау: жоғары деңгейдегі қуат қолданылуда.

• Сыртылдау: электр қуаты қосылуда.

• Ызыңдау, ызылдау: желдеткіш жұмыс істеп тұр.

Бұндай шуылдар қалыпты болып есептеледі және ешбір ақаулықты білдірмейді.

ЕСКЕРТУ

Өлшемі мен материалы басқа ыдыстарды пайдаланбаңыз.

Өлшемдері мен материалдары әр түрлі ыдыстарды пайдаланғанда, шуыл және діріл пайда болады.

ЕСКЕРТПЕ

Төмен қуат деңгейлерін (1~5) пайдаланғанда сыртылдаған дыбыс естілуі мүмкін.

16 Казақ

NZ64K7757BK_WT_DG68-00791A-01_RU+UK+KK+UZ.indb 16

2017-02-06 ￿￿ 3:07:26

Page 80
Image 80
Samsung NZ64K7757BK/WT manual Жарамдылығын анықтау, Ыдыстың өлшемі, Жұмыс барысында естілетін шуыл