Қалдық қызу индикаторы

Жеке пісіру алаңы немесе пештің үсті сөндірілгеннен кейін, қалдық қызудың бар-жоғы, тиісті пісіру алаңдарының дисплейінде , (“ыстық”) белгішесі арқылы көрсетіледі. Тіптен пісіру алаңын сөндіргеннен кейін, қалдық қызу индикаторы, тек пісіру алаңы суығаннан кейін ғана сөнеді.

Қалдық қызуды тағамды жібіту немесе жылы ұстау үшін қолдануыңызға болады.

ЕСКЕРТУ

Қалдық қызу индикаторы жанып тұрса, күйіп қалу қаупі бар деген сөз.

ЕСКЕРТУ

Егер тоқ өшіп қалса, , белгішесі көрінбей кетеді де, қалдық қызу туралы ақпарат көрсетілмейді.

Дегенмен, әлі де күйіп қалу қаупі бар болуы мүмкін. Пеш үстіне жақын тұрғанда әрқашан абай болсаңыз, бұндай жағдай орын алмайды.

Температураны анықтау

Егер қандай да бір себепке байланысты пісіру алаңдарының бірінің температурасы қауіпсіз температура деңгейінен асайын деп тұрса, немесе асып кетсе, онда пісіру алаңы температураны автоматты түрде төмен қуат мәніне дейін азайтады.

Пешті қолданып болғаннан кейін, желдеткіш пеш үстінің электроникасы суығанша жұмыс істеп тұрады. Желдеткіш электроникалық бөлшектердің температурасына қарай сөнеді.

Пешті пайдалану

Ең алғаш рет тазалау

Пештің керамика бетін, дымқыл шүберек пен керамика пісіру беттерін тазалағыш құралмен сүртіңіз.

ЕСКЕРТУ

Жеміргіш немесе түрпілі тазалағыш заттарды қолданбаңыз. Пештің бетіне нұқсан келуі мүмкін.

Индукция пешіне арналған ыдыстар

Табаны магнитті ыдысты пісіру алаңдарының біріне қойғаннан кейін ғана индукция пешін қосуға болады. Келесі жарамды ыдыстарды қолдануға болады.

Ыдыстың материалы

Ыдыстың материалы

Жарамды

Болат, эмальмен қапталған

Иә

Құйылған шойын

Иә

Тоттанбайтын болат

Егер өндірушісі жарамды деп көрсетсе

Алюминий, мыс, сары мыс

Жоқ

Шыны, керамика, фарфор

Жоқ

ЕСКЕРТПЕ

Индукция пешіне жарамды ыдыстарды, өндіруші ыдыстың затбелгісінде көрсетеді.

ЕСКЕРТПЕ

Индукциялық пісіру алаңдарында пайдаланғанда, пісірген кезде шуыл пайда болуы мүмкін. Бұл қалыпты шуыл.

ЕСКЕРТПЕ

Болат емес ыдыстардың, болат ыдыстарға қарағанда өткізгіштігі төмен. Болат емес ыдыстарды пайдаланғанда пісіру уақыты ұзарады.

Казақ 15

Пешті пайдалану

NZ64K7757BK_WT_DG68-00791A-01_RU+UK+KK+UZ.indb 15

2017-02-06 ￿￿ 3:07:26

Page 79
Image 79
Samsung NZ64K7757BK/WT manual Пешті пайдалану, Қалдық қызу индикаторы, Температураны анықтау, Ең алғаш рет тазалау